"Ұлтымыздың мақтанышы-үлкен рухтың иесі" эссе байқауы » Средняя школа им. Рыскулова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Рысқұлов атындағы орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726) 35 5-24-72
bookkeeping:
+7(726) 35 5-24-72
Version for
visually impaired
» » "Ұлтымыздың мақтанышы-үлкен рухтың иесі" эссе байқауы
14
December
2020

"Ұлтымыздың мақтанышы-үлкен рухтың иесі" эссе байқауы

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай  "Ұлтымыздың мақтанышы-үлкен рухтың иесі" эссе байқауы өтті. байқады 10-сынып оқушысы Битұрсын Гүлзаттың жұмысы үздік деп танылды.

"Ұлтымыздың мақтанышы-үлкен рухтың иесі" эссе

Битұрсын Гүлзат 10 сынып оқушысы

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылMayды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей

танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында Mayданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив