02
October
2019
Бала құқығы-адам құқығы
Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге Жуалы АПБ ЖПҚБ КТІ УПИ инспекторлары Әлімжан Жұмашев пен Самат Сариев шақырылды. 

Кездесуге келген қонақтар мектеп оқушыларының құқықтарына кеңірек тоқталып өтті. Сонымен қатар оқушыларды мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп формасын сақтауға, сабақтан себепсіз қалмау және сабақты жақсы оқуға шақырды.
Отырысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдуалиев қорытындылап, айтылған мәселелерді қатаң назарда ұстау керектігін тағы да бір оқушылардың есіне салып өтті.

