21
November
2019
"Балалар үшін бірге"
Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы қабылдағандығының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығына орай "Балалар үшін бірге" атты іс-шаралар жоспарының негізінде күні21-қараша күні ұйымдастырушы педагог П. Шамшиева «Барлық әлем мен үшін» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында флешмоб ұйымдастырды. Аға тәлімгер Б. Райымқұлова «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алMayсың» атты 5-6 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс, қосымша білім беру педагогы С.Жолдасбекова «Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сурет көрмесін, педагог-психолог Ж. Итебаев ата-аналарға арналған тренингтер өткізді.


