Board of Trusteesтің үшінші хаттамасы
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде өткізілген қамқоршылық кеңестің
Хаттама №3
Шыңбұлақ ауылы 17.05.2019ж
17.05.2019 жылы «№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде» коммуналдық м.м қамқоршылық, қорғаншылық кеңесінің отырысы болды.
Қатысқаны: 7
Қатыспағаны: 2
Күн тәртібінде:
1.2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің атқарған қызметі туралы есебі.Мектеп директоры г.М Мұсаханова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.М Мұсаханова 2018-2019 оқу жылының І жарты жылындағы қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің есебі тыңдалды. Қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша тұлдыр жетім 4 оқушы, көп балалы отбасынан 60 оқушы.2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 16 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді.Міндетті білім беру қорының есебінен 12 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы тамақ берілуде. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар)өткізілді.. Оқушылардың денсаулығын нағайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда.Күзгі каникул кезінде 36 оқушыны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты мұражайларға барып қайтты.Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп,осыған сіздердің көбірек жұмыс істеулеріңіз қажет.
Сөйлеушілер:
С.Алиев ата-аналар комитетінің төрағасы Қамқоршылық, қорғаншылық кеңестің төрағасының жарты жылдық есебін тыңдадық.Оқушылардың каникул,жаз мезгілдеріндегі демалыстарда осы аталған оқушыларды демеушілердің көмегімен сауықтыру лагеріне және қалаларды аралауға ,жорықтарға көбірек жіберуді ұйымдастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.Жасалған есеп еске алынсын.
Болашақта оқушылардың демалуына,олимпиадаға,байқауларға,спорттық жарыстарға көбірек қатыстырсақ,кеңес мүшелері осыған көбіреккөңіл бөлсе деймін.Бірінші жарты жылдықта жасаған есеп еске алынсын.
Шешім:
1.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылында І жарты жылдығындағы есебі еске алынсын.
2.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің жұмысын жандандыру кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
3. Шешімнің орындалуына бақылау –басшылық жасау кеңес төрағасы Темірбеков Н тапсырылсын.
Жиналыс басқарушы:Темірбеков Н
Хатшы: Шамшиева П
Мүшелері: Ортаева А
Сүлейменов Б
Алиев С
Сейтбекова Г
Алимкулова С
Манабаев Б