"Анамның ізгі жолы" атты онкүндік
2019 жылдың 1-11 қазан аралығында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі ана ролінің маңызын жете түсіндіру мақсатында «Анамның ізгі жолы-үлгі» атты онкүндік өтті. 1-11 сыныптар арасында «Ақ тілекті аналар», «Аналар ұрпақ шаңырағы», «Ананың тілегі де, жүрегі де бала үшін» атты бірыңғай өнеге сағаттарын өткізілді. 3-қазанда қосымша білім беру педагогы М. Байториева «Отбасы-мейірім бесігі!» тақырыбында әжелермен кездесу, мектеп кітапханашысы М. Қадырходжаева 4-қазанда «Кітап сүйген көркем» атты отбасы, ата-ана мен бала тақырыптарында нақыл сөздерден жарыс ұйымдастырды. Тәлімгер Б. Райымқұлова және ұйымдастырушы педагог П. Шамшиева 9-қазанда «Қызым саған айтам...» тақырыбында болашақ отбасын құру туралы ашық сұхбат өткізді.



