«Құқық бұзушылықтың алдын алу» » Средняя школа им. Рыскулова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Рысқұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-72
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
13
ноябрь
2019

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығынын мерекелеу аясында 13-қараша күні 9-сынып оқушыларымен Дүниежүзілік сабақ өтілді. Іс-шараға Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Полатова Бақыткүл Батырханқызы қатысты.   Сонымен қатар 13.11.2019 жылы 9-11 сынып арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты кездесу өтілді. Аталған кездесуге облыстық балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің директоры О.Кунтубаев қатысты. Кездесудің басты мақсаты балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, оларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, оқушылардың бойында құқық бұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылық жасаған кезде оның заң талаптарына сәйкес зардаптарымен таныстыру. Оқушыларға өзге оқушылардың ар-намысына тиіп, әлімжеттік көрсеткен жағдайда, себепсіз сабақтан қалып, бұзақылық іс-әрекеттерге барған жағдайда қандай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайында баяндалды. Тәртіп бұзған оқушылардың арнайы оқу орнына жіберу және сол жердегі тәрбиелеудің негізімен таныстырып өтті. Қаңғыбастыққа салынған және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың, құқық бұзушылықтың Жамбыл облысы бойынша сандық көрсеткіштері мен зардаптарына тоқталып кетті. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив