12.03.2020 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп базасында «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді
12.03.2020 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп базасында өткізілген «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбындағы аймақтық семинардың өткізілгендігі туралы анықтама
12.03.2020 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп базасында өткізілген «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбындағы серіктес мектептер арасында аймақтық семинар өткізілді. Семинарға серіктес 6 мектептен 23 мұғалім қатысты.
Семинар барысында: №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің химия пәнінің Каипова Гүлнар Жаманбековна 8 сыныптармен «Ертінді және ерігіштік» тақырыбында ашық сабақ өтсе, №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің физика пәнінен Бейсенова Ақмарал Әжимуханқызы «Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолданудың жолдары» тақырыбында семинарға қатысушы педагогтармен коучинг өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Қаратас негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Куанышев Нариман Алтынбекович «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында тренинг өткізді. Тәжірибе алмасу мақсатында топтық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Семинарда өтілген ашық сабақ, тренинг, коучинг өз деңгейінде өткізіліп, өз мақсатына жетті, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында сабақ өткізген мұғалімдер білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қорытындылай келе, Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтілді. Әдеби кеш барысында, №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің ұстаздары «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде орындаса, оқушылар Абай өлендерін нақышына келтіріп оқыды.











