Баяндама » Средняя школа им. Рыскулова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Рысқұлов атындағы орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726) 35 5-24-72
Бухгалтерия
+7(726) 35 5-24-72
Версия для
слабовидящих
07
июль
2021

Баяндама

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі» отдела образования Илийского района













Баяндама



















Шыңбұлақ ауылы


  1. Пән мұғалімдері туралы базалық мәлімет


Талдау параметрлері\ Оқу жылдары

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

Динамика

+\-

Мұғалім саны

40

42

+2

Жоғары білімдісі

40

42

+2

Жоғары санатта (педагог-зерттеуші)

11

11

0

І санатта (педагог-сарапшы)

14

13

-1

ІІ санатта (педагог-модератор)

8

10

+2

Санаты жоқ

7

8

+2

Жас маман

2

2

-0

Күндізгі бөлім

9

11

+2

Сырттай бөлім

31

31

0

Мамандығы сәйкес емес

0

0

0

Зейнетке шығып істеп жатқаны

0

1

+1


Мектеп алғаш 2007 жылы пайдалануға берілді. Мектептің жалпы сыйымдылығы 180 оқушыға арналған. Бірақ 5 оқу кабинеті мен 1 холл «Балдәурен» балабақшасының үлесінде. Қазіргі таңда  14 оқу кабинеті бар, олардың 14-і де паспортталған. Олар: биология-химия, информатика, тарих, математика, орыс тілі, қазақ тілі, физика, технология (ұлдар), АӘД және 5 бастауыш  сыныптар кабинеті.  Сондай-ақ, 1 мультимедия кабинеті, 1 робототехника кабинеті, спорт зал мен акт залы және  кітапхана жұмыс  жасайды.

Биылғы, 2020-2021 оқу жылында 249 оқушы 16 сынып жиынтығына топтастырылып, екі ауысымда оқытылды. Оларға білім, тәрбие беру мақсатында 42 педагог маман қызмет атқарды. Мектеп таза қазақ тілінде оқытады.  Мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер жоқ.

Білімі бойынша:

 



Санаты бойынша:


 

  1. Жалпыға бірдей білім беру

Аяқталған оқу жылында 249 оқушы жалпыға бірдей біліммен қамтылды. 1-4 сыныптарда -99 , 5 - 9 сыныптарда – 116, 10-11 сыныптарда -  34 оқушы оқыды. Дайындық тобында 5 бала тәрбиеленді.


Оқушы контингенті


Оқу жылдары

Оқушы саны

Барлығы





1.

2018-2019 оқу жылы

260

260

2.

2019-2020 оқу жылы

245

245

3.

2020-2021 оқу жылы

249

249

Динамика:

+4

+4


2020-2021 оқу жылын барлығы 249 оқушы (16 сынып жиынтығы) аяқтады. Оның ішінде: 1-4 сыныптарда 99 оқушы,

5-9 сыныптарда    116 оқушы,

10-11 сыныптарда 34 оқушы.


Оқушылар қозғалысы тоқсан сайын жүргізіліп, ҰББДҚ-мен сәйкестендіріліп отырды.

  1. Білім сапасын арттыру

Оқу жылында мектеп директорының басшылығымен күнделікті оқыту үрдісін басқару, бақылау және тексеру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Мектеп оқушыларына  мемлекекеттік стандарттарды меңгертумен қатар, жеке тұлғаны дамытуға, интеллектуалдық қабілетін арттыруға ықпал ететін қосымша пәндер оқытылып,   сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде мектебіміз оқу жылын табысты қорытындылады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы – 70 пайызды құрады.

Есепті жылда   негізгі мектеп курсын 27 оқушы бітірді, оның ішінде   1 оқушы «Лучший куәлікке» ие болды. Ендігі міндет оқушылармен  дербес жұмыс жүргізуді барынша жақсарту, оларды алған білімдерін  әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге баулу, функционалды сауаттылығын дамыту және интеллектуалды қабілеттерін жетілдіру арқылы көшбасшылыққа баулу жұмыстарын жандандыру талап етіледі.

2020-2021 оқу жылында мектеп оқушылары 100 пайыз кітаппен қамтылды. Аз қамтылған отбасыларынан шыққан 1 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.  оқушы қыстық киіммен қамтылды.

Есепті мерзімде жалпыға бірдей білім беру  сапасын арттыру мақсатында жыл көлемінде пәрменді жұмыс жүргізілді. Пән мұғалімдері күнделікті сабақта түрлі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыра отырып,  жеке тұлғаны жан-жақты дамыту бағытында ғылыми тұрғыда ізденді. Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің күнделікті сабақ беру, жаңа инновациялық технологияларды ендіру, оқыту тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарына тұрақты бақылау орнатылып, пән бірлестіктері мұғалімдерінің сапа мониторингі жүргізілді.


Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі (%)


1-11 сыныптардың білім сапасы бойынша соңғы үш   жылдағы   салыстырмалы көрсеткіші


Оқу жылы

Оқушы саны

Лучший

%

Екпінді

%

Үлгерім

Білім сапасы

2018-2019

оқу жылы

264

59

22%

130

49%

100%

71%

2019-2020 оқу жылы

245

58

24%

121

49%

100%

73%

2020-2021 оқу жылы

249

51

23%

104

47%

100%

70%


 


Оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері


Сатылар

2017-2018

оқу жылы

2018-2019

оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

1-4 сыныптар

72%

72%

73%

5-9 сыныптар

63%

71%

66%

10-11 сыныптар

69%

71%

64%

Мектеп бойынша

67%

72%

70%


 




Соңғы үш жылғы параллель сыныптар бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері


Сыныптар

2018-2019

оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

1 сыныптар

72%

76%


2 сыныптар

70%

76%

76%

3 сыныптар

72%

68%

78%

4 сыныптар

73%

65%

68%

1-4 сыныптар

72%

71%

74%

5 сыныптар

81%

80%

73%

6 сыныптар

68%

78%

64%

7 сыныптар

72%

70%

76%

8 сыныптар

65%

75%

52%

9 сыныптар

65%

66%

66%

5-9 сыныптар

70%

73%

66%

10 сыныптар

64%

78%

60%

11 сыныптар

75%

71%

78%

10-11 сыныптар

68%

74%

69%

1-11 сыныптар

71%

73

70%


  1. Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге  дайындық жұмыстары.


2020-2021 оқу жылында мектепте ЕНТ-ге дайындық жұмыстары  «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18   наурыздағы № 125 басшылыққа ала отырып жүргізілді.

Мақсаты:

1 9,11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындығын шыңдау, негізгі пәндерден оқушылардың білім сапасын арттыру.

2.Жоғарғы оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарын бөлу үшін ЕНТ-ге сапалы дайындау.

Мектепте  қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге дайындау жолдары бойынша мектебімізде «Мектепте  қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге дайындаудың тиімді тәсілдері», «Мемлекеттік қорытынды аттестаттуда  және ЕНТ –да кездесетін  тест тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинарлар ,ата-аналармен,оқушылармен «Серпін -2050» әлеуметтік жобасы – жеңілдік баспалдағы» тақырыбында жиналыс,математика  пән мұғалімдері «Алгебра  және   анализ бастамалары» пәні  бойынша емтихан  жұмыстарының орындалу және рәсімделу  үлгілері» тақырыбында тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді. Жыл бойы бекітілген кестеге сай ата-аналармен жиналыстар,дөңгелек үстелдер, тренингтер   және психологиялық кеңестер жүргізілді.

2020-2021 оқу жылындағы  мектеп бітірушілерінің  Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы.


Жалпы бүгінгі күні саласы бойынша барлығымыздын алдымызға қойылған міндет біреу.Ол – сапалы білім беру,білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару.Оның негізігі көрсеткіші ЕНТ нәтижесі болып табылады. Мектебімізде ЕНТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру үшін жыл басында арнайы жоспар құрылып , істелетін іс-шаралар белгіленді.Жоспар бойынша арнайы семинарлар өткізілді.

2020-2021 оқу жылында мектепте  11 сыныпты  14   білім алушы аяқтап , оның 12  ЕНТ ге қатысып мектеп бойынша орта балл  103,4 балды   құрады.  Бір білім алушы Ақылтай Мағжан шығармашылық емтихан тапыруына   байланысты тек 2 пән ғана тапсырып 38 балл жинақтады, шекті деңгейден өтпеген оқушы анықталмады. Мектеп бойынша ең жоғарғы көрсеткішті   Киікбай Бақдаулет – 117 балл жинақтаса,төменгі көрсеткіш  Сырлыбек Рамазан -39 балл жинақтады. . Мектеп  бітірушілердің ішінен 1 білім алушы  ЕНТ-ге қатыспады.

«Алтын белгі» төсбелгісі иегерлерінің үлесі қатысушылардың -16,6% құрады. Мектепте 2 білім алушы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері өз білімдерін дәлелдей алды.Атап айтқанда Киікбай Бақдаулет- 117 балл, Рысбек Айғаным -107 балл жинақтады .


Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балын арттыру


Пәндер

Орташа балл


Динамика

2020-2021 оқу жылы

қаңтар

2020-2021 оқу жылы

наурыз

2020-2021 оқу жылы

мамыр

2020-2021 оқу жылы

маусым


1

Қазақстан тарихы

6

8

7


+2, -1

2

Математикалық сауаттылық

8

7

6


-1, -1

3

Оқу сауаттылығы

23

17

15


-5,-2

4

Математика

11

11

14


0,+3

5

Физика

14

10

7


-4,-3

6

География

10

17

7


+7,-10

7

Химия

15

16

13


+1, -3

8

Дүниежүзі тарихы

25

18

20


-7,+2

9

Адам Қоғам Құқық

24

21

23


-3, +2

10

Ағылшын тілі

10

17

26


+7,+9

11

Биология

15

15

13


0, -2



Барлық оқушылар саны

2020-2021 оқу жылы

Қаңтар

2020-2021 оқу жылы

наурыз

2020-2021 оқу жылы

мамыр

2020-2021 оқу жылы

маусым


ЕНТ қатысқаны

13

11

13


Орташа балл

63, 2

63

58


Ең жоғары балл

1 оқушы – 110

2 оқушы -106

1 оқушы-103 балл

1 оқушы-117 балл


Ең төменгі балл

1 оқушы – 24

2 оқушы -37

1 оқушы – 21

2 оқушы -31

1 оқушы – 37

2 оқушы -39


Шектік баллдан жоғары

7 оқушы -58,3%

9 оқушы -  60 %

6 оқушы -  40 %








9-11 сыныптан алынған мемлекеттік емтихандардың қорытындысы

2020-2021 оқу жылында 9 сыныпты бітіруші 27 оқушының барлығы мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілген болатын. Олар  2021 жылдың 28 мамыры күні  ана тілі пәнінен жазбаша, 02 маусым күні алгебра пәнінен жазбаша, 5 маусым күні   орыс тілі пәнінен жазбаша емтихан тапсырды. Оның нәтижесі төмендегіше болды:


Пәні

Сныбы

Қатыс-қаны

«5»

%

«4»

%

«3»

%

«2»

%

Сапа





Үлгерім

Ана тілі мен әдебиеті (жазбаша)

9 «а»

15

3

20%

6

40%

6

40%

--

--

60%

100%

Ана тілі мен әдебиеті (жазбаша)

9 «ә»

12

5

41%

7

58%

--

--

--

--

100%

100%

Алгебра

(жазбаша)

9 «а»

15

3

20%

6

40%

6

40%

--

--

60%

100%

Алгебра

(жазбаша)

9 «ә»

12

4

33%

6

50%

2

16%

--

--

83%

100%

Орыс тілі (жазбаша)

9

«а»

15

4

26%

8

53%

3

20%

--

--

80%

100%

Орыс тілі (жазбаша)

9 «ә»

12

3

25%

7

58%

2

16%

--

--

83%

100%

Жалпы



27

22

27.5%

40

33%

18

22%

--

--

77.6%

100%


Мектеп бітіруші 11 сыныптықтардың 14-і де мектеп қабырғасында қорытынды аттестаттауда 4пәннен мемлекеттік емтихан тапсырды. Атап айтқанда, олар мамырдың 1-і  маусым күні ана тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша (эссе) 10 маусым күні орыс тілінен тест, 4 маусымда алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша, 7 маусым күні Қазақстан тарихынан тест   бойынша жазбаша емтихан тапсырды. Нәтижесі төмендегіше болды:

Пәні




Сыныбы

Қатысқаны



«5»

%



«4»

%

«3»

%

«2»

%

Білім сапасы

Үлгерімі

Ана тілі мен әдебиеті (эссе)

11

14

6

43%

5

36%

3

21%

--

-

78%

100%

Математика (жазбаша)

11

14

4

28%

8

57%

2

14%

--

-

71%

100%

Орыс тілі (тест)

11

14

6

43%

5

36%

3

21%

--

-

78%

100%

Қазақстан тарихы (тест)

11

14

4

28%

7

50%

3

21%

--

-

78%

100%

Барлығы


11

14

20

36%

25

45%

11

19%

--

-

76%

100%


Емтихан кезінде өрескел тәртіп бұзушылық кездескен жоқ. Барлық емтиханға оқушылар түгел, уақтысында қатысты. Жылдық қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар өз білімдерін дәлелдей алды. Ал 11 сыныпта «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 2 оқушы өз білімін дәлелдей алды.Жалпы алғанда, 9.11 сыныптардағы мелекеттік емтихандардың нәтижесін қанағаттанарлық  деп есептеуге болады.



5. Ағылшын тілінде оқытатын сыныптардың ашылуы


2020-2021 оқу жылында биология, информатика ,биология, химия  пәндерінен 8, 9 сыныптарда ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылды. Биология пәнінің мұғалімі           Итебаев А. Б.   информатика пәнінің мұғалімі Кубеев Ж. Ш. Химия пәнінен Г. Каипова арнайы дайындық курсынан өткен, сертификаттары бар.

Оқушылар тілдік, теориялық білімін тереңдету мақсатында 8 сыныпта «Адам және денсаулық» таңдау курсы енгізіліп, оқытылды.

Аптаның әр сәрсенбісінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, «Ағылшын тілінде сөйлейік» акциясы ұйымдастырылып тұрды.

Биология пәнінің мұғалімі Итебаев А. Б. үштілділік бойынша өткізілген аудандық семинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды.


6. Мектептің робототехника кабинетімен жабдықталуы


Информатика пәнінің мұғалімі Кубеев Ж. Ш. 2016 жылы «Робототехника» бойынша білім жетілдіру курсынан өткен. 2020-2021 оқу жылында  аталмыш курсты мектептің жұмыстық оқу жоспарына енгізіп,            5-7 сыныптарда таңдау курсы есебінен жүргізілді.


7. Инклюзивті білім беру үшін жағдайдың жасалуы


Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрімен ауыратын   Сырлыбек Ердаулет ағымдағы оқу жылында көмекші бағдарламамен 1 сыныпты үй жағдайында оқып бітірді. Оқушы үшін жеке жұмыстық оқу жоспары жасалып, жоғары білімді пән мұғалімдері дәріс берді. Оқу жылы барысында оқушымен коррекциялық түзету жұмысын жүргізу үшін арнайы жабдықталған кабинет қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі баламен мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагог жұмыс жасады.


8. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша   атқарылған     іс –шаралар


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы педагогтардың

98%-ы арнайы пәндік курстардан өткен, ал қалған 2%-ын бірінші кезекте өткізу жоспарлануда.

Мектепте үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды. Атап айтқанда, мұғалімдер, ата-аналар арасында түрлі тақырыпта семинарлар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 1-11 сыныптардағы негізгі пәндер үшін бөлім бойынша жиынтық, тоқсандық жиынтық өткізу кестесі жасалып, сол бойынша алынды. Бұйрықпен бекітілген модерация комиссиясы ұсынылған жұмыстарды тексеріп, хаттамалап отырды.

Ғылыми-әдістемелік жұмысының  талдауы
 
 

2020-2021  оқу жылында   әдістемелік орталығы шығармашылық-ізденіс тақырыбымен жұмыс істеді: «Преподавателидің инновациялық даярлығын қалыптастыру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру»

Мақсаты: мұғалімнің ғылыми-педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру


Күтілетін нәтиже: инновациялық көзқарастағы құзырлы ұстаз

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы төменгідей құрылымнан тұрады:

1.   «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығы

2.    Жаратылыстану-математикалық,қоғамдық-гуманитарлық, спорт және өнертану  бірлестіктері мен бастауыш сыныптар бірлестігі

3.Оқушылардың «Алғырлар» ғылыми қоғамы

4.         «Жас мамандар» мектебі

5.   «Жаңашыл» шығармашылық тобы

6. «Озат тәжірибе» мектебі

2020-2021 оқу жылында оқу-әдістемелік жұмыстар 4 пән бірлестіктері арқылы атқарылды. Мектеп директорының  2020 жылғы 2 қыркүйектегі №37бұйрығымен пәндік әдістемелік бірлестік құрылып, жетекшілері бекітілген.

1.   Қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Туленова А. Б.

2.   Жаратылыстану-математикалық циклды пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі- Каипова Г.Ж

3.   Спорт және өнертану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Ракишев Н. А.

4.   Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Тастемирова Қ. А.

Әдістемелік кеңестің ұйымдастыруымен төмендегі пән апталықтары өткізілді.

  1. «Тілдер күні мерекесі» апталығы - 19-24 қыркүйек
  2. «Бастауыш сыныптар» бірлестігінің онкүндігі -       18-28 қараша
  3. «Жаратылыстану- математикалық» пәндер бірлестігінің онкүндігі-10-20 ақпан

4.   «Қоғамдық гуманитарлық пәндер»бірлестігінің онкүндігі – 6 – 16 наурыз

5.   Спорт және өнертану» бірлестігінің онкүндігі -       14-26сәуір


Апталықтарда мұғалімдер шығармашылықпен, жоғары үлгідегі шеберлік сабақтарын көрсетті. Мектептің әдістемелік жоспарына сай оқу жылында ғылыми әдістемелік жұмыстар мақсатқа сай бағытта жүрді. Ұстаздар жыл көлемінде мектептің  «Преподавателидің инновациялық даярлығын қалыптастыру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» тақырыбында еңбек етіп, әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін көтеру, сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету, жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікте ұстау бағытында еңбек етіп, өз жұмыстарынды жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Әдістемелік кеңес отырысында мектептегі білім беру проблемалары жан-жақты талқыланып,   ғылыми - әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бағытындағы  іс-тәжірибесі таратылып отырды.


Жас мамандар мектебі

2020-2021 оқу жылында  мектеп директорынның 02.09.2020 жылғы  № 45 бұйрығы негізінде жас мамандарға кәсіптік  бағыт-бағдар беру және әдістемелік көмек көрсету арқылы шығармашылыққа баулу мақсатында жас мамандар мектебі құрылған. Биылғы оқу жылында 1 жас маман қабылданды.Жалпы жас мамандар мектебінде ізденіс үстіндегі 2 мұғалімге 19 жыл еңбек өтілі бар, орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Ракишеваның   жетекшілігімен жұмыстар атқарылды. Оларға әдістемелік көмек көрсету үшін озат тәжірибелі ұстаздар тәлімгер ретінде тағайындалды. Тағайындалған тәлімгерлер жеке пән бойынша жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспарын құрып, жыл бойына түсіндіру, үйрету жұмыстарын атқарып келді.  Қыкүйек айының 25 жұлдызында  мектебіміздің психологы Ж. Итебаев   жас мамандарға жаңа кәсіби жағдайға және жаңа ұжымға психологиялық бейімделуіне көмек көрсету мақсатында кеңес берді.Сондай ақ,қарым-қатынас стратегиясын  және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу мақсатында «тұлғааралық қарым-қатынас» тренингін жүргізді.Жас мамандардан «Алғашқы қиындықтар мен табыстар» тақырыбындағы эссе алындыЭссе барысында кезіккен қиындық жайлы мектептің психологына  ұсынымдар берілді.Қыркүйек айында «Жаңартылған білім беру мазмұнына сай   сабақ жоспарлаудың    ерекшеліктері» атты семинар практикум ұйымдастырылып, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Онда Жас мамандармен жаңартылған білім беру мазмұны аясында блум таксономиясын танымдық деңгейлерін негізге ала отырып қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастырудың ерекшеліктерімен   тәжірибе алмасу, сабақ жоспарын дұрыс  құрып, уақытты тиімді пайдалану, оқушы білімін бағалау сияқты мәселелер талқыланды. Жас мамандар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, пікірлерімен бөлісті.Сондай-ақ,мектеп психологы Ж. Итебаевтың жас мамандардың алғашқы еңбек жолындағы қиындықтарды анықтау мақсатында  «Мен ізденіп келемін» атты сауалнама алынды. Сауалнама барысында жас мұғалімдер тәжірибелі ұстаздардан көптеген көмек, қолдау көріп жатқандарын, олармен үнемі байланыста екендігін және өздерінің тандаған мамандықтарының ұнайтындығын атап көрсеткен.

Жалпы жас мамандар жыл бойы пәні бойынша өз білімдерін жетілдіре отырып, жетістікке де жетіп отырды. Атап айтқанда, Усенова Данагул  «Daryn. Online» білім беру платформасы ұйымдастырған І Республикалық Кемеңгер ұстаз олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі   дипломмен марапатталды. Сондай – ақ  Лучший «Жас маман» байқауына қатысып III- орынды иеленді.

Жаңа технологияларды енгізу,  тарату, қолдану

Аяқталған оқу жылында  мектеп ұстаздары бірнеше технологиялық бағытта еңбек етті. Пән мамандары оқыту үрдісінде  сыни тұрғыдан ойлау, модульдік оқыту, өзара белсенді оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологияларын тиімді қолдануға күш салуда. Дегенмен көптеген ұстаздардың сабақты әлі де ескі әдістермен жргізетіні анықталып отыр. Алдағы оқу жылында  жаңа технологгияларды  сабақтарда күнделікті  пайдалану арқылы жеке тұлғаның белсенділігін арттыру ісін жақсарту талап етіледі.




Дарынды және қабілетті оқушылармен   жұмыс

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу бағытындағы жұмыстар қаралды. Мектебімізде жалпы дарынды оқушылар 15 оқушы психологиялық зерттеу негізінде  есепке алынған. Аталған оқу жылына дарынды  оқушылармен жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілген. Мектептің жоспарына сәйкес  қараша айының 26-27  күні  мектепішілік олимпиадаға  35 оқушы   қазақ тілі,орыс тілі, математика,физика,тарих биология, ағылшын тілі,география, химия, информатика   өзін-өзітану пәндерінен сынаққа түсті. Нәтижесінде  35 оқушының ішінен 11 оқушы  І - орындарды иеленіп, аудандық пәндер олимпиадасына жолдама алды. 2021жылдың 8-12   ақпан аралығында аудандық пәндер олимпиадасына мектепішілік олимпиада жеңімпазы деп танылған 11 оқушы қатысты.Аудандық пәндер олимпиадасына қатысқан11 оқушының ішінен 3 оқушы өздері сынақ тапсырған пәндерден екіншіші, үшінші орындарды иеленді.


  1. Лаубай Инабат  ағылшын пәнінен (жет: Абдуалиев Ғ.) -  екінші  орын,
  2. Жұмағали Ақтоты  ағылшын пәнінен  (жет:Усенбаева Д.) - екінші орын,
  3. Жартыбек Аяулым тарих пәнінен  (жет: Ортаев А. ) - үшінші  орынды ,

Мектебімізде жалпы аудандық олимпиадағы білім сапасының көрсеткіші 27% ды құрады Сондай – ақ мектеп оқушыларының  пәндік олимпиадалары мен байқауларында жеткен жетістіктері төмендегідей:

Оқушылардың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар

мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарының үлесі

Амангелді Каусар  - «British bulldog » халықаралық зияткерлік олимпиадасында  І  дәрежелі дипломы

Жартыбек Аяулым- «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қатысып «Қазақстан тарихы» пәнінен III  дәрежелі дипломен марапатталды.

Жартыбек Акерке- Республикалық «Абай оқулары» атты онлайн байқауына қатысып  бас жүлдені иеленді.

Рысбек Айғаным-Ustaz tilegiРеспубликалық ғылыми-әдістемелік ұстаздар сайты ұйымдастырған Блиц турнирде физика пәнінен үшінші орынды иеленді.

Малікбай Бекнур-Daryn. Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып математика пәнінен  І  дәрежелі дипломен марапатталды.

Мазур Вероника- Республикалық «Жас Дарын» және «Өрлеу» орталығының ұйымдастырумен Қазақтың ұлы ақыныМұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақының өлеңдерін  мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып І  дәрежелі дипломен марапатталды.

Қалхаман Нүрдәулет- Ustaz tilegiРеспубликалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Бастауыш қазақ тілі пәнінен оқушылар арасындағы онлайн блиц- турнирде І  дәрежелі дипломен марапатталды.

Асхатқызы Сарбиназ-«Ханталапай» Республикалық математикалық зияткерлік сайысында ІІ  дәрежелі дипломен марапатталды.

Аудандық  аймақтық жарыстар, байқаулар:


Канал Ақмаржан-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «РЕАDХ» -байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ақылтай Кәусар-« Абай-дана, Абай-дара қазақта» шығармашылық байқауына қатысып

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мәлікбай Рысбек- «Жастар-Қазақстаның интеллектуалды болашағы!» атты аудандық шахмат турнирінде І-орынды иеленді.


Педагог қызметкерлерді аттестаттау, біліктілігін арттыру жұмыстары

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің   2016 жылғы 27 қаңтардағы  мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы № 83 бұйрығы негізінде   Мектепте 2.09.2020  жылы аттестаттау комиссиясын құру туралы  № 69 бұйрығы шығарылған. Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша мектеп директорымен бекітілген іс- шаралар жоспары құрылып бекітілген. Педагог қызметкерлердің аттестаттау бойынша 2020-2024 оқу жылдарына арналған даму жоспары құрылған. Бұйрықтар, нормативтік-құқықтық актілер жинақталған. 2020- 2021 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың жеке жинақ папкалары арналған, оның ішінде өтініші, мұғалім туралы жалпы мәлімет, курстан өткендігін растайтын сертификаттарының көшірмелері, жетістіктері жинақталған. Аттестаттау комиссиясының отырыстары құрылған жоспарға сай жүргізілді, аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлердің куәліктерін тіркеу журналы арналған. Мектеп директорының  20.02.2021   жылғы  № 25 «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша   сарапшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде  сарапшы топ бекітілген.

Қазан айының 15 жұлдызында «Аттестаттау мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық база және әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында семинар өткізіліп, педагогтар  аттестаттау ережелерімен таныстырылды.

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің   2016 жылғы 27 қаңтардағы  мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығы негізінде   3мұғалімнің  2 мұғалімі педагог зерттеуші,1 мұғалім педагог-модератор   біліктілік санатына аттестаттауға өтініштері қабылданып,  қараша айында   өткізілетін ұлттық біліктілік тестіне қатысты.Педагог-зерттеуші біліктілік санатына   өтініш білдірген  Итебаев  Ардақ Бераливич  биология пәні мұғалімі,Ракешов Нұрғали Алтынбекович  Көркем еңбек пәні мұғалімі, ал  педагог- модератор Абдуалиев Медет Қырықбаевич- дене шынықтыру пәні   мұғалімі өтініш білдірген ұлттық біліктілік тестінде межелі балды жинап, екінші кезең бойынша портфолиолары қаралып өтініш білдірген санаттарын алды

Алайда тест қортындысы бойынша 1 педагог аттестаттаудың ақпан айындағы тестілеу кезеңіне қалдырды. Ақпан айында өткізілетін біліктілік тестілеуге 8 өтініш білдірді Аттестаттау ережесі және біліктілікке қойылатын талаптармен таныстыру жұмысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің тарапынан үздіксіз жүргізіліп отыр


Преподавателидің   білімін жетілдіру курстарынан өтуі

Білім беру үрдісінің сапасы өз кезегінде мектептің даму тұжырымдамасының сапасына білім бағдарламаларының жүзеге асыру сапасына, мектепішілік біліктілікті арттыру, мектептегі инновациялық үрдіс сапасына, мектептегі үрдісті ұйымдастыру сапасына тікелей байланысты. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби және біліктілік деңгейін   арттыруда  ҚР орта білім мазмұнын  жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы  бойынша білім   жетілдіру курстарынан ұйымдасқан түрде өтуде. Алайда  мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы жоспарға сай жүргізілмейді. Яғни, әр мұғалімде өзінің пәніне сәйкес әдістемелік өзекті мәселесі бойынша  теориялық және саяси идеологиялық әдістемелік жұмыстарының жоспарлануы жүйесіз, Әдістемелік кеңес отырысында жоспарға сай  мұғалімдердің өзіндік білім көтеру мәселесі  бақылауда тұрады.  Биылғы оқу жылында Орыс тілі пәнінің мұғалімідері: Журымбаева Айгерім Қанатовна,Искакова Жанна Советовна, Бастауыш сынып пәнінің мұғалімдері Қоргамбаева Раушан Сатыбалдиевна, Тастемирова Карлыгаш Алжапаровна,  Аяапбергенова Ляйла Закировна тарих пәнінің мұғалімі Райымкулова Базаркул  Асетовна,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исакулова Айгул Манатбековна, осы аталған пән мұғалімдері«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында білімдерін  жетілдірді.

Жалпы курстан өткен мұғалімдер саны бойынша:


2018– 2019ж

2019-2020ж

2020-2021ж

Жалпы курстан өткен мұғалімдер саны

15

10

4






 

Оқушылардың «Алғырлар» ғылыми қоғамы

Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп директорының «Дарынды оқушылармен жұмыс және оқушылардың ғылыми орталығын құру» туралы №70 бұйрығы негізінде оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. Мектепішілік Алғырлар орталығы мүшелілігіне 5-11 сынып оқушылары қабылданған. Оқушылардың ғылыми қоғамы ғылыми зерттеу дағдыларын игертуге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі болып саналады. ОҒҚ атауы «Алғырлар» деп аталып, топтың эмблемасы, девизі жасалынды. Сонымен қатар жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілген.

2020 жылдың 19-25 қыркүйек айы арлығында ҚР «Тіл мерекесіне» байланысты қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен пән апталығы өткізілді. Әр пән мұғалімі жоспар бойынша сыныптан тыс ашық сабақтар, түрлі тақырыптардағы жарыстар мен сайыс сабақтар және әдеби кеш ұйымдастырды.

Қазан айында «Білгірлер мен тапқырлар  сайысы» ителлектуалдық ойыны  9-11 сыныптар арасында мектеп тәлімгері Б. Райымкулова  өткізді.

«Абай- дана Абай- дара қазақта» шығармашылық байқауы өткізілді.

Қараша айында спорттық ойындар (футбол, баскетбол)   9-11 сынып арасында дене тәрбиесі мұғалімдері  Қ. Қуанышбеков, М. Абдуалиев өткізді.

Ақпан  айында   аудандық пәндер олимпиадасына мектепішілік олимпиада жеңімпазы деп танылған 11 оқушының барлығы қатысты.

Ақпан айында «Патриоттық әндер» байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізілді. «Дарынды шәкірт – мектеп мақтанышы» дарынды балаларды қолдау апталығы өткізілді

Жыл басында 8 зерттеу тақырыптары тіркелген. Жыл бойы осы зерттеу тақырыптарымен ғылыми жетекшілер оқушылармен жұмыс жасау қажет еді,  дегенмен мектепішілік  «Мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушылардың барлығының зерттеу күнделіктері жоқ, оқушыларға жетекшілер тарапынан дұрыс  бағыт бағдар берілмеген, бұған себеп мектеп әкімшілігі тарапынан  жобаға қойылатын талаптармен таныстыру мақсатында өткізілген  оқыту семинарына жетекшілердің толық қатыспауынан деп білемін.

Алдағы уақытта «Алғырлар» оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын жандандыруға ұмтыламыз.

2021 - 2022 оқу жылына алға қоятын міндеттер:

  1. Әр бағыт бойынша ғылыми зерттеумен айналысатын оқушылар тобын жасақтай отырып, «Алғырлар» оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру.
  2. Әдістемелік бірлестіктерге жан-жақты көмек, нұсқау беру арқылы  оның оқу-тәрбие үрдісіндегі белсенділік рөлін арттыру
  3. Оқушылар арасында пәндік олимпиада резервін дайындау жұмысындажүйелілік пен бірізділіктің        болуына баса назар аудару.
  4. Педагогтардың Республикалық, облыстық, аудандық конкурс, байқауларға қатысып, нәтижеге жетуіне ықпал ету.




Информациятық технологиялар жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Кубеевтің

2020-2021 оқу жылында

жүргізілген жұмысының қорытынды есебі


         2020-2021 оқу жылы басында білім мекемесінің ақпараттық – коммуникациялық жұмыстары бойынша жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.       

         Осы жұмыс жоспары бойынша төмендегі көрсетілген жұмыстар атқарылды: Мектеп оқушыларының, қызметкерлердің, ата- аналардың мәліметтер қоры жинақталып «Күнделік.кz» жүйесіне енгізілді. Ұстаздарға, ата-аналарға жәнеде   оқушыларға «Күнделік.кz» жүйесімен жұмыс жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп ұмыт қалған «пайдаланушы аты» мен «құпйя сөздер» қайта жөнделңп таратылды.

          «Күнделік.кz» электорндық журналы бойынша сабақ кестесі даярланып еңгізілді. Ұстаздар мен оқушылардың басқа оқу орындарына ауысуы немесе ауысып келуі уақытылы дұрыс орындалып отырды. 2020-2021 оқу жылында әр тоқсан сонында  «Күнделік.кz» жүйесі бойынша   кемшіліктер мен қателіктер ескертіліп жұмыс жүргізілді.Ұстаздар мен оқушылардың басқа оқу орындарына ауысуы немесе ауысып келуі уақытылы дұрыс орындалып отырды. «Күнделік.кz» жүйесі бойынша жыл сонында рейтинг жүргізіліп корсеткіш төмендегідей боды:


  1. Тоқсан бойынша: Журналды жүргізу-95,62  %

Журналды уақытылы жүргізу-55,95 %


  1. Тоқсан бойынша: Журналды жүргізу-99,07  %

Журналды уақытылы жүргізу-86,01 %


  1. Тоқсан бойынша: Журналды жүргізу-99,52  %

Журналды уақытылы жүргізу-88,67 %


  1. Тоқсан бойынша: Журналды жүргізу-98,84  %

Журналды уақытылы жүргізу-87,28 %


     Жылдық қорытынды бойынша: Журналды жүргізу-97,92  %

                                           Журналды уақытылы жүргізу-78,51 %


    Осы көрсеткіштер бойынша үш тоқсан бойы алға ілгерлеушілік болғандығы жәнеде төртінші тоқсанда бір пайызға төмендеушілік байқалды. Төртінші тоқсан бойынша пайыздын төмен түсуіне итернет желісінін істен шығуы әсерін тигізді деп ойлаймын.Осы көрсеткіштер бойынша белсенділік танытқан ұстаздарды атап айтар болсам: Бейсенова А,  Ракишев Н, Абдуалиев Ғ, Нұрлыбаева З, Абдрақова А, Итебаев Ж, Итебаев А, Нілдібаева Б, Нүкісбекова Б,  Исакулова А. Осы аты аталған ұстаздарға №24 Тұрар Рысқұлов метеп атынан алғыс айтамын. Келесі оқу жылында барлық ұстаздар белсенділік танытады деген сенімдемін.

         2020-2021 оқу жылында ҰБДҚ (НОБД)  бойынша   оқу жылын аяқтағалы жатқан   11-9  сынып оқушылары есептен шығаруға даярлануда. Ата-ана өтініші және мектеп директорының бұйрығымен 1 сыныпқа оқушылар қабылдануда. ҰБДҚ – бойыншаосы оқу жылы бойынша толықтырулар мен өзгерту жұмыстары жүргізілді.

Осы оқу жылында 12  сынып бөлмелеріне ақпараттық – коммуникациялық технологиялармен (АКТ) жабдықталып интернет желісіне қосылды, дұрыс жұмыс атқаруы қадағаланды. Осы құрылғылардын сабақ барысында мұғалімдердін пайдалануы ұйымдастырылып отырды. Ұстаздарға сабақ барысында                  «Daryn Online»платформасын пайдалануға «пайдаланушы аты» мен «құпйя сөздері» таратылды. Осы сайтты пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары

 жүргізілді.

           Оқу жылында мектеп сайтына сабақ кестесі, өткізілген іс-шаралар, құттықтаулар, бюджеттік есептер тағы басқа шаралар енгізіліп толықтырылып отырды. Мектептің әлеуметтік желілері құрылып жыл бойғы жұмыстар енгізілді. 


2020-2021 оқу жылында

жүргізілген тәрбие жұмысының қорытынды есебі

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында адамгершілік тәрбие тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің  кешенді бағдарламасы негізінде мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жоспары жасалынған. Білім алушылардың бойында осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіші деп қарастыруға болады. Тәрбие жоспарында қарастырылған мәселелердің бірі  жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2050: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңындакөрсетілген.
       
Тәрбие жұмысы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының балалардың құқығы туралы» Заңы,  «Балалар құқықтары туралы Конвенция», «Қазақстан Республикасының Білім заңы», «Тіл туралы» Заңы, «Неке және отбасы» Заңы, ҚР Президентінің халыққа Жолдауларына сүйене отырып жүргізіледі.

2020-2021 оқу жылында 16 сынып комплект жұмыс жасады. 16 сынып жиынтығында барлығы 249 бала білім алды.

Мектептің тәрбие жұмыс 8 бағыт бойынша жұмыс атқарды.Оларды атап айтар болсақ:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасы тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Жоғарыда айтылған дүниелерді зерделеу мақсатында «1- қыркүйек Білім күніне» орай. 1-4   сыныптарда «Тәуелсіз елім- Қазақстан», 5-8 сыныптарда «Жасай бер, жайнай бер туған елім!», 9-11 сыныптарда «Туған жерім- жүрегім!» тақырыптарында сынып сағаттарды өтілді. Оқушылардың патриоттық рухын көтеру мақсатында дүйсенбі күндері сабақ мемлекеттік гимнді айтумен басталады.



Қыркүйек айының екінші аптасында салауатты өмір салтын насихаттау негізінде   спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында спорттың дойбы, футбол, волейбол, эстафеталық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Іс – шара барысында оқушылар спортқа деген көзқарастарының жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті. Іс-шара соңында жеңімпаз командалар мен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар мектеп оқушылары 1-ші кезекте таңертеңгілік жаттығу жасайды.

5-сынып оқушыларының жаңа ортаға үйрену барысын мектеп психологы Ж. Итебаев «Жаңа ортадағы -мен» коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша зерртеу жүргізді.   Зертеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді.

Қыркүйек айының бірінші аптасында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы және тәлімгер Б.Райымқұлованың жетекшілігімен мектептің ұланбасын және активтерді сайлау өтті.  Сайлауға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде ең көп дауыс жинап мектептің ұланбасы болып 11-сынып оқушысы Киікбай Бақдәулет сайланды.  Сайлау нәтижесінде төмен дауыс алған оқушылар білім, спорт секторы, мәдениет саласы сияқты  басқару ұйымына сайланды.

Қазан айының бірінші аптасы «Преподаватели күні» болып бекітілген. Аталмыш мереке мектепте жоғары деңгейде аталып өтті. Тәлімгер Б. Райымқұлова ұйымдастырушы педагог П. Шамшиева,   «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар –жасөспірімдер ұйымдарының қатысуымен «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбында кеш өтті.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және туған жерлеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5-6 сыныптарда «Туған тілім тірлігімнің айғағы» атты аудандық қара өлең оқу сайысы ұйымдастырылды.

Мектептің әлеуметтік педагогы А.Наурызбаева  мектеп оқушыларының әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың тұрмыстық жағдайын зерттеп, санаттар бойынша тізімін шығарды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жалпыға білім беру қорынан бөлінген қаржыға қыстық аяқ киімдермен және киімдермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог А. Наурызбаева жетекшілігімен  «Мектепке  жол» республикалық акциясы кең  көлемде    ұйымдастырылып,  оған мектеп ұжымы белсене қатысты.

Мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірме жұмыстары ұйымдастырылған. Үйірме жетекшілері негізінен алғанда пән мұғалімдері. Үйірме жоспарлары, сағат сандары мемлекеттік стандарт бойынша жасалынған. Сонымен қатар мектепте   «Волейбол», «Шағын футбол», «Ұлттық ойындар және тоғызқұмалақ», «Дойбы» сынды ақысыз үйірме сабақтары жұмыс жасайды.

26-қазан күні 1-4, 5-10 сыныптар арасында «Алтын күз-2020» тақырыбында күзгі бал кеші онлайн форматта ұйымдастырылды. Кеште сынып жетекшілер мен оқушылар әр кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау соңында жеңімпаз оқушылар мен сынып жетекшілер марапатталды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мектепте арнайы бұрыш жасалынған. Бұрышта мектеп оқушыларына жән мұғалімдерге арнайы ақпараттар берілген. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша ектеп оқушыларымен «Жастар терроризм мен экстремизмге қарсы», «Ешкім экстремист болып туылмайды», «Терроризм – зұлымдық әрекет» тақырыптарында дөңгелек үстел, баяндамалар сынып сағаттары өтіп сауалнамалар алынып тұрады.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық құқықтық тәрбие бағыты аға тәлімгер Б. Райымқұлова «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында іскерлік ойын, ұйымдастырушы педагог П. Шамшиева «Құқықтық сауат» тақырыбында дөңгелек үстел, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдуалиев «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары құқық тақырыбына және оқушы міндетіне қатысты ақпараттар алды.   Әр айдың екіші аптасында құқықтық сабақ жүргізіледі.

Тәрбие жұмысы зияткерлік-танымдық құндылыққа бағытталған, әскери-  спорттық әрекет  негізінде пәндер және пәндік, сыныптан тыс іс-шаралар, мектептік және қалалық көлемінде өткен әртүрлі байқауларға, жарыстарға қатысу арқылы жүзеге асырылды.

Патриоттық сананы қалыптастыру

Оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды іске асыру бойынша патриоттық сананы қалыптастыру   бағыты -бұл әрбір оқушының азамат болып қалыптасуы, патриотизм мен мораль нормаларын дамыту, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру,  патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру, Қазақстанның мәдениетін, тарихын салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, Государственные символыді білуді, құрметтеуді насихаттау, елдің жетістіктері үшін мақтаныш   сезімін дамыту болып табылады.

21-қыркүйек Қазақстан Республикасы  халқының тілдер мерекесіне орай  қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің –мақтанышым!» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен кеш өтті. Қазақ тілінің мұғалімдері Б. Елеусинова мен А. Исакулова 5-6 сыныптар арасында «Сөзмерген» байқауы, орыс тілінің мұғалімдері А. Ракишева мен Ж. Исакова «Изучить другой язык- прожить вторую жизнь» атты сөз сайысын, ағылшын тілінің мұғалімі Ә.Омар мен Үсенбаева Дана «Мен үш тілде сөйлеймін» атты  сөзмерген байқауын өткізді. Мектеп кітапханашысы М. Қадырходжаева тілдер мерекесіне орай кітапханада мектеп оқушыларына арнап көрме өткізді. Қазақстан Республикасы Тілдер күніне арналған онкүндік көпұлтты Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері мен ұлтаралық қарым-қатынас, қоғамдық келісім, тілдің үш тұғырлығын насихаттау мақсатында өтті. Онкүндік  барысында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде оқушылар тіл құдіреті, сөз құдіреті туралы ойларын айтты, ана тілі, мемлекеттік тіл мәртебесі жайлы өлеңдер оқыды, жас ақындар ана тілінде өз шығармаларын арнады, «Тілім-менің мақтанышым»,  «Ана тілім-ардағым», тақырыбында сынып сағаттары,  ашық сабақтар, 1сыныптарда «Ана тілім-туған тілім» тақырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының   Государственные символыі

Қазақстан Республикасының Государственные символыін пайдалану, насихаттау, пән бөлмелеріндегі рәміздердің орналасу тәртібін қадағалау мақсатында топ құрылды. Оқу жылы басында пән бөлмелерінде Государственные символы ілінді. Әр дүйсенбі күні «Мен өз Отанымның азаматымын» атты патриоттық минуттар өткізілді, Мемлекеттік Гимн орындалды. Оқу жылының басталуы мен аяқталуына байланысты іс-шараларда, мемлекеттік мерекелерге байланысты өткізілген салтанатты жиындарда  Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік Туы енгізіліп, шығарылды, мемлекеттік Гимн орындалды.



Рухани-адамгершілік тәрбие қалыптастыру

Рухани-адамгершілік дамыту бағытының мақсаты: өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану. Рухани-адамгершілік тәрбие беру оқушылардың бойында дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін, адам өмірінің құндылықтарын және өз өміріне ұқыпты қарауға, әлемге, басқа адамға  жағымды сезімдер мен қарым-қатынаста құрылған жүйе.

Қазан айының бірінші аптасы «Преподаватели күні» болып бекітілген. Аталмыш мереке мектепте жоғары деңгейде аталып өтті. Тәлімгер Б. Райымқұлова  мектептің өзін-өзі басқару ұйымы және «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар –жасөспірімдер ұйымдарының қатысуымен «Ұстаз- ұлы мамандық» тақырыбында кеш өтті.  «Ұстаздық еткен жалықпас...», «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыптарында ашық тәрбие сабақтар, 18 қазан Рухани келісім күніне байланысты «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Қазақ халқының толеранттылығы, рухани даналығы-қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында зерттеушілік-сабақ, 9 сыныптар арасында «Қазақстан-конфессияаралық келісім аумағы» тақырыбында пікірталас өтті, 8-10 сынып оқушылары «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» тақырыбында шығарма жазды.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Біз мемлекетіміз рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз (бесінші басымдық). Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни жалған ағымдар мәселесі өткір тұр» (алтыншы басымдық) деп көрсеткен.Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдарының баптары мен тармақтарын негізге ала отырып, діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесуге бағытталған жұмыстар, атап айтқанда «Діни экстремизм–ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында семинар, Діни экстремизімге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дәстүрлі емес діни ағымдарға кірген оқушыларды анықтау, өткен оқу жылымен салыстырмалы мониторинг жасау мақсатында «Мен және менің жанұям», «Мен өз жолымды таңдаймын» тақырыптарында сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындылары бойынша дәстүрлі емес діни ағымға түскен отбасы немесе оқушы болған жоқ. Мектеп жарғысына қарама-қайшылық іс-әрекеттер жасап жүрген оқушылар жоқ. Оқушылар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру 9-сыныпта «Дінтану және зайырлылық негіздері» курсында жүзеге асырылуда.



Жастар бастамаларын қолдау және өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

Балаларға білім алуға мүмкіндік жасап, көшбасшылық қасиетін көрсете білу, оларды қоғамға қызмет етуге бейімдеу мақсатында балалар ұйымдарының мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы жергілікті жерлерде құрылған оқушылардың өзін-өзі басқару және балалар қоғамдық  ұйымдарының өміршең, шығармашыл және белсенді ұйым ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру «Өзін-өзі тану» сабағында жүргізілді.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Жаңа Қазақстандық патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты жетінші бағытында «Қазақстан патриотизмінің іргетасы-барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» делінген. Сондықтан патриоттық сананы қалыптастыру бағытының міндеттері патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру болып табылады.

Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі жоспарға сай аталып өтті.

«Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы-Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбында сынып сағаттары, 2  сыныбында «Тәуелсіздік- ел тірегі», 3 а  сыныбында «Елін сүйген Елбасы!», 4 сыныптарда «Тәуелсіздік туы астында», 5 сыныпта «Тәуелсіз елдің бақытты балаларымыз», 7 а сыныпта «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!», 9  а сыныпта «Қазақстанның әр қаласы-тарих», 10 сыныпта «Мен елімді сүйемін!» атты  ашық сабақтар 1желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы ел қалауы, ел тірегі» тақырыбында салтанатты жиын, 5-11сынып оқушылары «Елбасы-ел тірегі», «Туған жер-тұнған шежірем», 4-5 сынып оқушылары «Тәуелсіз елдің бақытты балаларымыз!», тақырыбында шығарма жазды, «Еңбегім саған арналады,туған елім!» тақырыбында сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Құқықтық тәрбие

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы маусым айында елімізде  «Жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар»  туралы №2347 қаулыға  сәйкес «АИТВ-ЖИТС» орталығы, наркологиялық диспансер, салауатты өмір салты орталығымен біріккен жұмыс жоспарлары  жасалынды.

Жалпы құқықтық оқыту бағдарламасы 1-11 сынып оқушыларына тәрбие жоспарының қосымша бағыты есебінде жүргізілді. Мақсатты-кешенді бағдарлама оқушыларды ҚР Конституциясын және заңдарын  білуге, әлеуметтік, азаматтық  әділдік  ұғымын   негіздеуге, заңдылық пен тәртіп қорғауды қамтамасыз етуге, ҚР мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу көзделген. Осыған орай мектепте «Тәртіпсіздікке бейім оқушылардың үйірмеге қамтылуы», «Ерекше назардағы баламен жұмыс түрлері»,«Атамекен–туған өлкем», «Тәуелсіз елдің болашағы–жастар» тақырыптарында семинар өткізілді. Құқықтық тәрбие бағыиының жоспарына сәйкес сабақтан  себепсіз қалған оқушылардың ата- аналарымен жұмыс, жергілікті тұрғын аудандарда өткізілген рейд қорытындылары, қысқы, көктемгі,   жазғы демалыс кезінде есепте тұратын оқушылар спорттық секциялар мен үйірмелерге қатыстырылды, жазғы демалыс лагеріне  қамтылу, есепте тұратын оқушыларға   тәлімгер мұғалімдер бекіту, сабақтан себепсіз жиі қалатын және тәртіпсіздік жасаған оқушылармен жұмыс мәселелері қаралды.

Ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің, құқық қорғау органының қызметкерлерінің   қатысуымен  «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында тәртіпсіздік болдырмау», «Менің баламның болашағы», «Жастар біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі»    тақырыптарында ата–аналар жиналысы өтті.

Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында СӨСҚО мамандары «Жасөспірімдердің арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес және оны болдырмау», «Есірткісіз болашақ, есірткіден аулақ бол!», «Туған қаламыздың темекі түтінінен азат болғанын оқушылар қалайды», «Темекінің адам ағзасына тигізер зияндары» тақырыптарында 8-10 оқушыларына лекция оқып, әңгіме-сұхбат жүргізді.  Школьникам құқықтық білім мен тәрбие беруді іске асыру, жеке тұлғаны жетілдеруде құқық заңын үйрету, насихаттау мақсатында  «Құқықтық білім беру және діни экстримизмнің алдын алу» апталық өтті. Апталық барысында оқушылардың құқықтық сауаттылық арттыру мақсатында сынып сағаттары, «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен біріккен дөңгелек үстел, «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында  кездесу, «Оқушы бойында Қазақстандық патриотизм қалыптастыру» тақырыбында семинар, «Иман-әдептілік белгісі» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізіліп, «Жасөспірім және қоғам»  тақырыбында документальды фильм көрсетілді

Қазіргі таңда мектепшілік есепте, аудандық полиция  бөлімінде  қауіпті топта тұратын оқушылар жоқ.

Құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны болдырмау, зорлық-зомбылықтың  жөніндегі жұмыстар

Тәуелсіз егеменді еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Заман талабына сай білім беру, оқушылардың шығармашылығын дамытып,жеке тұлға дайындау, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен  тілін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін  елжанды тұлға тәрбиелеу - басты мүддеміз.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты:

1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата Заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу;

2. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерді арттыру, ұйымшылдық пен   тәртіптіліктің  тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылығын арттыруға баулу;

3. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын  болуға тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы маусым айында елімізде  «Жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар»  туралы  қаулыға   сәйкес салауатты өмір салты орталығымен біріккен жұмыс жоспары  жасалынды. Аудандық білім бөлімінің негізінде 2019-2020 оқу жылдарына арналған «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» жөніндегі мақсатты-кешенді бағдарламасына сәйкес мектептің іс-шара жоспары бекітіліп, түрлі жұмыстар атқарылды. Мектепте құқық кеңесі құрылған. Кеңес отырысы ай сайын жоспар бойынша жүргізіліп тұрады.

Кеңестің  әрбір өткізілген  отырысына хаттама жазылып, отырыстың шешімі бойынша қаулы қабылданды.

1.  Сабақтан  себепсіз қалған оқушылардың ата-аналарымен байланыста жұмыс  жүргізілді.

2. Ай сайынғы жергілікті тұрғын аудандарда өткізілген рейд қорытындылары тыңдалып отырды.

3. Қысқы, көктемгі,  жазғы демалыс кезінде есепте тұратын оқушылар спорттық секциялар мен үйірмелерге қатыстырылды, жазғы демалыс лагеріне   қамтылды.

4. Мектепішілік есепте тұратын оқушылардың барлығына   тәлімгер мұғалімдер бекітілген.

5. Кеңес отырысында сабақтан себепсіз жиі қалатын және тәртіпсіздік жасаған оқушылар шақырылып, жауапкершілік міндеттері жүктелді. Тәртіпсіздік жасаған жағдайда бақылауға алынып,есепке қойылатыны ескертілді.

Оқушылардың сабақтан жиі және себепсіз қалатынын анықтап, әр оқушының үйіне Жуалы АІІБ ЮП   С.Сариев  және сынып жетекшілер рейд жүргізді. Кеңес отырысында оқушылардың сабақтан көп қалуына байланысты, кешігетін, мектеп ережесін үнемі бұзатын оқушылардың тәртіп мәселелері және мектеп формасын сақтау  туралы мәселелер қаралды. Мектепішілік есепке алынған оқушылармен сынып жетекшілері, мектеп психологы, мектеп инспекторы тарапынан ата-анасымен бірлесіп жеке жұмыс жасалды. Баланың тәртібі түзелген жағдайда мектепшілік есептен сынып жетекшінің өтініші бойынша кеңес отырысында талқыға салынып, есептен алынуы туралы қаулы қабылданады. Оқушылар арасындағы заң бұзушылық   және қылмысқа қарсы  жұмыстарды жүргізу үшін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен ІІБ жасөспірімдер арасындағы және КЖТІБ-нің инспекторымен бірлесе атқаратын іс-жоспары бекітілген. Осы жоспар бойынша айына бір рет полиция мен бөлім қызметкерлері оқушылармен кездесулер,  лекциялар өткізіп отырады. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында тәртіпсіздік болдырмау» тақырыбында   кәмелетке толмаған  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында жиналыс өтті. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Құралбаев ата-аналар комитетінің төрағасы С. Әлиев мектеп инспекторының қатысуымен болды.  Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ақсақалдар жауап берді. Ақсақалдар оқушыларға үлгі-өнеге болатын ұлағатты сөздерден келтіріп, ақыл–кеңестер берді. Жуалы аудандық ІІБ ЮП Ә. Жұмашев «қиын» оқушылармен, сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың ата-аналарымен арнайы профилактикалық жұмыс жүргізді. Сырт мектептерден келетін оқушыларды қадағалау жасап, мектеп ауласында балалардың қауіпсіздігін бақылады. Аптасына бір рет мектеп мұғалімдерінен құрылған топпен біріккен рейдке шығып тұрды.  Кәмелетке жасы толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген «Жасөспірім» рейдке қатысты.  «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында кездесу өтті. 11 - сынып жетекшісі С. Жолдасбекова 9-11 сынып оқушыларына баяндама оқып және «Жасөспірім және қоғам»   тақырыбында деректі фильм көрсетілді   Қыз баланың жеке гигиенасына болашақ ана ретінде қарау, жас қыздарға ақыл кеңес беру мақсатында «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында «Қыз Жібек» клубының жетекшісі П.Шамшиева және тәлімгер Б.Райымқұлова кездесу өткізді. Қазіргі таңда мектепбімізде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында айлық өтуде. Айлық іс-шара жоспары жасалынып сол бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда мектепшілік есепте, аудандық  полиция  бөлімінде   қауіпті топта тұратын оқушылар жоқ.

Құқықтық тәрбиенің соңғы үш жылдық көрсеткіштері

Р/с

Мазмұны

2018-2019

2019-2020

2020-2021

1

Оқушылар контингенті

263

260

249

2

Мектепшілік есепте тұрған оқушылардың жалпы саны

2

-

1

3

Жуалы ауданы ІІБ  есебінде тұрған жасөспірімдердің саны

-

-

-

4

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің саны

-

-

-

5

Есепте тұрған бейберекет, сәтсіз жанұялардың жалпы саны

-

-

1

6

Ата-ана құқығы шектелген немесе ата-ана құқығынан айырылған тұлғалардың жалпы саны

-

-

-

7

Ерекше режимде ұстайтын  білім беру ұйымына жіберілген жасөспірімдердің жалпы саны

-

-

-

8

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, бейімдеу, оңалту орталығына орналасқан жасөспірімдердің жалпы саны

-

-

-

9

Жамбыл наркологиялық диспансердің қарауында

-

-

-


2020-2021 оқу жылына зорлық –зомбылықтың алдын алдын алу бойынша мектеп психологымен бірлескен жоспар құрылғын. Оқу жылының басында буллинг және кибербуллинг туралы оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналаларға кибербуллингтің түрлері туралы слайд, жадынама таратылып кері байланыс жүргізілді. Қыздармен ерте жүктілікті ңалдын алу мақсатында мектеп медбикесі, мектеп психологы және «Қыз Жібек» клубының жетекшісімен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларынң психикалық денсаулығын нығайту мақсатында 5-11 сыныптар арасында мектеп психологы дәрістер жүргізді. Зорлық –зомбылықтың және бопсалау фактілерін анықтау мақсатында 19 сұрақтан тұратын жасырын сауалнама алынып нәтижесі шығарылды. Нәтижесінде мектепте және мектеп тыс жерде бопсалау және зорлық-зомбылық фаутілері анықталған жоқ.   «Мен өмірді сүйемін» сауалнамасы 8-11 сыныптар оқушыларынана алынды. Нәтижесінде мектеп және үйде қиыншылыққа тап болған оқушылар анықталмады. Жыл басынан мектепте сенім жәшігі және сенім телефоны жұмыс атқарады. Осы уақыт аралығында сенім жәшігіне түскен хаттардың жауаптары беріліп, психологтың тіркеу журналына тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Сынып жетекшілермен атқарылған жұмыстар

2020-2021 оқу жылында 16 сынып жиынтығында 249 оқушы білім алды.  Тоқсан сайын сыныптардың тәлім-тәрбие мониторингісі шығарылып тұрды. Нәтижесі төмендегідей болды..


Сыныптар бойынша тәлім-тәрбие мониторингі

 


Әлеуметтік мәнді және оқушылардың жеке қасиетерін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  кезекті  Жолдауында: «Ендігі ұрпақ Мәңгілік қазақтың Перзенті» деп барлық Қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» атты патриоттық актқа атсалысуға шақырды. Осыған байланысты болашақ ұрпақтың саулығын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыркүйек айында «Абайлаңыз, балалар!», желтоқсан-қаңтар айларында   «Абайлаңыз,көк тайғақ!» тақырыбында онкүндіктер өткізілді.  Қыс маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмау, көшеде жүру ережесін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ата-аналарға ескерту мақсатында    «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында 1-8 сынып жетекшілері мен ата-аналарға арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар соңында 4-сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»  тақырыбында жарыс-сабақ, 5 сыныпта «Бағдаршам-біздің досымыз!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

1-4 сынып оқушыларына берілген тапсырма бойынша оқушылар өз үйлерінен мектепке барар жолдарды бейнелейтін «Қауіпсіз жол» карталарын сызды.

«Қозғалыстың жас инспекторлары» тобы төменгі сынып оқушылары үшін арнайы рейдтер ұйымдастырды.





Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу

Бұл бағыт оқушылардың әртүрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу; тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени іс-шаралар арқылы оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу; басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; тұлғаны бейбітшілік рухында, басқа халықтармен өзара түсінушілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуді міндеттейді.    Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Наурыз мерекесін өткізу жоспарына сәйкес «Наурыз-береке мен ынтымақ бастауы» атты  іс-шаралар халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттауға, ұлтаралық келісімді насихаттауға бағытталды. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру негізінде отансүйгіш, елжанды азаматтарды тәрбиелеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында сәуір-мамыр айларында қашықтықтан  «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», «Туған жер-алтын бесігім» тақырыптарында шығарма жазылды.


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Бұл бағыттың басты тақырыптары: гигиена мен санитария, шынығу, аурудың алдын алу, дене тәрбиесін насихаттау, темекіге, ішімдікке, нашақорлыққа қарсы жұмыс, салауаты өмір салтын қалыптастыру. Мектептің тәрбие жұмысына және қалалық СӨС орталығымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес мектепте Денсаулық күндері, түрлі аурулардың алдын алуға байланысты айлықтар, хабарламалар, санбюллетендер шығарылды, тазалық айнасы жүргізілді. 9-10 сыныптыңқыздарынан құралған волейбол командасыауданның бірнеше дүркін жеңімпазы болды.  Ұлдар командасы аудандық кіші футбол турнирінде 2-орынға ие болды.


Әскери-патриоттық тәрбие беру

Акимат районанің білім бөлімінің жоспарына сай   «Әскери-патриоттық  тәрбие беру» айлығы жарияланып, Ұлы Отан Соғысының 75 жылдық мерекесіне орай   «Отты жылдар шежіресі» атты баспасөз көрмесі, «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында балалар сурет көрмесі ұйымдастырылып, «Біз бірлесіп жеңіске жеттік», «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «Бабалар ерлігі-ұрпаққа үлгі»  тақырыптарында қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді.

АӘД пәнінің мұғалімі Б. Аликуловтың жетекшілігімен қашықтықтан «Жеңістің жасампаз әндері» тақырыбында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында «Туған ел», «Ақ көгершін», «Жас ұландар», «Ел қорғауға әзірміз» әндері орындалып, 5, 8, 6 сынып оқушыларының өнерлері үздік танылды.

Мектеп тәлімгерімен атқарылған жұмыстар

Мектеп тәлімгері Б. Райымқұлова «Жас Ұлан», «Жас қыран» қоғамдық ұйымдарының жұмысын басқарып, сыныптық, мектепішілік, аудандық іс-шараларға қатысып отырды. Мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен «Жас Ұлан»  ұйымы қатарына қабылдау, «Жақсылық сәулесі» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Балалар қоғамдық ұйымының атқарған жұмыстары

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының болуы өмір талабы. «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымы Ұстаздар күніне «Әлем ғажайыпқа толы» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды, 8 наурыз мерекесіне арнап ұстаздарға гүл жасады, 7-8 сыныптар арасында дәстүрлі «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» атты байқау, «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілік,ардагерлермен естелік вахталарын ұйымдастырды.

Ұлттық құндылықтарды, азаматтықты және Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында құрылған «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымындағы оқушылар ауылдағы жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып көмек көрсетіп тұрды.

Соғыс және еңбек  ардагерлерімен  жұмыс

1-қазан Қарттар күніне орай Щильке Г. қарияның өмірбаяны, суреттері, соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі еңбек жолы, отбасы жағдайы туралы мәліметтер жинақталып өткізілді. Еңбек және ҰОС ардагерлері мектепте өткен мерекелік шараларға, атап айтқанда   Жеңіс күні, Ұстаздар мерекесі, атаулы күндерге арналған сынып сағаттарына, кездесулерге қатысты

Зейнеткерлікке шыққан ұстаз-ардагерлерді ұстаздардың төл мерекесімен құттықтау дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында әрбір ұстаз-ардагерге бекітілген сынып оқушылары, жетекшілерімен үйлеріне барып отырады. Ардагерлер-ұстаздар оқу мен тәрбие мәселесіне үнемі араласып отырды.



Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-аналармен жұмыс

Оқу жылы басында ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар комитетінің төрағасы қайта сайланып, комитет мүшелері бекітілген. Ата-аналар сыныптық  және жалпы мектептік іс- шаралардың өткізілуіне қатысып отырды, мереке күндері мектеп аумақтарына  кезекшілікке қамтылды. Ата-аналар көмегімен Жаңа жылдық мерекелер, Сонымен бірге мектепте өтетін «Мектепке барар жол акциясы» аясында жағдайы төмен жанұялар мен жетім балаларға  көмек көрсетілді.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты жолдауда: «Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өмірін шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған, өмір сапасының жақсаруын әрбір қазақстандық өзінен: өз үйінен, өзінің қаласынан, ауылынан бастауы керек» делінген.   «Отбасы күні-қыркүйектің екінші жексенбісі» болып бекітілді. Осыған орай  «Отбасы-менің үмітім мен тірегім» атты іс-шаралар жоспары жасалып, оқушылар ата-аналарымен бірге «Біз-бір отбасымыз», «Менің үйім-менің қорғаным» тақырыптарында сурет салып, коллаж, отбасылық альбомдар жасады. 5а, 5ә сынып арасында спорттық эстафеталық жарыс өтті. 6-8 сынып оқушылары «Отбасы-менің үмітім мен тірегім» тақырыбында шығарма жазды. Ақсақалдар алқасының қатысуымен   «Отбасым-мақтанышым,тірегім» атты ата-аналар кездесу өтті.


Басшылық және бақылау

Мектепте тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы бақыланып, қорытындылары педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте, әкімшілік кеңесте, өндірістік жиналыста, тәрбие орталығында  қаралды.


Үйірме жұмыстары

Қосымша білім беру  мектептің оқу-тәрбие жұмысының бір бөлінбес бөлігі болып табылады. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі үйірме жұмысы. Үйірме жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға бейімдейді.     .

Оқушылардың үйірмелерге қамтылуы


2018-2019

2019-200

2020-2021

Мектепішілік

үйірмелер

15үйірме -160

56%

20 үйірме -200

62%

27 үйірме- 249

100%,

Мектептен тыс

үйірмелер

30

10%

30

11%

40

14%,

Үйірме ғылыми, спорттық, көркем-эстетикалық, қолөнер бағыттарда жүргізілді.


Тәрбие жұмысын   ұйымдастыруда орын алған кемшіліктер:

- Жастар бастамаларын қолдау және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруда бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының жұмысының талапқа сай жүргізілмеуі;

- Оқушылар бойында  әскери-патриоттық тәрбие қалыптастырудың өз деңгейде болмауы.

2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары толығымен жүзеге асты.

Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, 2021-2022 оқу жылына жаңа міндеттер койылды:

1. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының  жұмысын жандандыру;

2. Оқушылар бойында  әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында «Мектеп пен ардагер» ынтымақтастығын арттыру, жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

3. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жетілдіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

4. НЗМ және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту.































«ЖАС ҰЛАН»   ҰЙЫМЫ ТУРАЛЫ

Оқу жылының басында мектебімізде ұйым мүшелері «Жас Ұлан» ұйымына жаңадан Ұланбасшыны  қайта сайлау туралы ұсыныс жасап, ұланбасшы жаңадан сайланды «Ұланбасшы» сайлауы болып өтті. Салтанатты жиынға 240 оқушы, 17 сынып жетекшісі қатысты.  Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен  «Ұланбасшы» болуға оқушылар өз кандидатураларын  ұсынып, бағдарламаларымен таныстырды. Ұланбасшы болып көпшіліктің дауыс беруімен Киікбай Бақдәулет қайта сайланды.

Мектепте оқушылардың қабілетін ескере отырып, олардың тәрбие жұмыстарын жүргізуге қатыстырылды. Мектептің жоғары буын белсенді оқушыларынан және кіші буын белсенді балалар мен жасөспірімдерден құрылған «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйым мүшелері мектеп ұжымымен қатар біршама жұмыстар атқарды. Бұл ұйымның өз жарғысы, жалпы ережелері мен мақсат міндеттері толықтай орындалды. Олар, мектептің әр оқушысының білім алуына, тәртібін қадағалауда, белсенділігін арттыруда,  әр түрлі мектепішілік мәдени мерекелік шараларды өткізуде  мектеп басшылығы  мен педагогикалық ұжымға көмек пен қолдау  көрсетіп отырды.


«Жас Ұлан» ұйымы мүшелері туралы

   

Соңғы 3 жыл

Оқушылар-дың жалпы саны

Жасұлан-

Дықтар

Жасқыран-

Дықтар

Жасұландықтар-

дың жалпы саны


2018-2019жж.

264

91

60

151


2019-2020жж.

270

121

53

174


2020-2021жж.

249

119

66

185


91

55

146


Мониторинг

 







2020-2021 оқу жылындағы мектеп психологінің сараптамасы



Жеке тақырыбы: «Оқушылардың таным қабілеттерін дамыта отырып, шығармашыл жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу».

Психодиагностика

2020-2021 оқу жылының басында 2 сыныпқа 10 оқушы қабылданды. Сынып жетекшісі Абаханова

Жоспарға сай биылғы оқу жылындағы бірінші сыныпқа қабылданған балалардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін анықтау мақсатында қыркүйек айында зерттеу жұмыстары жүргізілді.Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі анықтау мақсатында « «Семаго» тестті   алынды.І деңгейде деңгейде 8 оқушы, яғни мектепке дайындығы жақсы, ІY деңгейде 2 оқушы, мектепке дайын емес. Осы екі оқушымен жеке-дара жұмыс жүргізілуде. Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында Керн-Йерасек тесті алынды. Тест 3 тапсырмадан тұрады: ер баланың суретін салу, сөйлемдерді және нүктелерді көшіру.Нәтижесінде: жоғары деңгей-2 оқушы, орта деңгей-7 оқушы. Жалпы психологиялық қызметтің бақылау бойынша 1 сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр.1 сынып жетекшісіне және ата-аналарына кеңес ұсынды. «Бірінші сынып оқушысының бейімделуі» атты тақырыбында 1 сынып ата-аналарынан сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде                            бейімделу жоғары деңгейде 6 оқушы, орта деңгейде 4 оқушы.Ұсыныстар:

1 сынып жетекшісіне:

-ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділігін ояту;

-гиперактивті балаларға қосымша тапсырма беру.

Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Бір буыннан өтіп,  екінші буынға бейімделу әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда әр балаға қиыншылық тудырады:  әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу, әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі. 2020-2021 оқу жылында 5 сыныпта 12 оқушы оқиды.Сынып жетекшісі Оразтаев Р.С.

Ата-ананың баласының оқуына көзқарасын анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама алынды.Ата-аналардың мектепке,мұғалімдерге көзқарастары оң, жағымды. Сыныптың психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында Л.Г.Федоренко анкетасын оқушылар толтырды. Оқушылар сыныптың ахуалын жоғары деңгейде бағалайды. «Мектепке қарым-қатынасым» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушылар берілген 5 сураққа жауап берді.

Оқу мотивациясын анықтау мақсатында Н.Лусканова автордың сауалнамасы алынды.

Мақсаты: мектепке бейімделуі деңгейін анықтау. Сауалнама 9 сұрақтан турады,барлығы мектепке қатысты.

Оқушылардың жауаптары сараланды. Жалпы оқушылардың мектепке қатынасы оң, сыныптары өздеріне ұнайды. Мектеп дезаптациясын көрсететін оқушы жоқ. Школьникам  «Менің сыныбым» әдістеме ұсынды.Жалпы  оқушылар мектепке толық бейімделген.5 сыныпқа пән мұғалімдеріне «5-сыныпқа бейімделуге қандай көмек көрсету» семинар өткізілді. Мақсаты: кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.Родителям жадынама таратылды, кеңес берілді.

МАДТ тәрбиеленушілердің  бірінші сыныпқа дайындығы.

Мектепте білім алу - бала  өміріндегі ең жауапты және маңызды кезең.Оның жеке тұлғасының жесістікті болуы және өзін-өзі  іске асыруы  көп жағдайда   келіп түскен тәрбие және   мұғалімге байланысты болады. Мұғалім әр баланы  жылы қабылдап, оған ізгі қатынас  жасаса, оның жетістікке  жету жолындағы  кез-келген   алға басуын байқап, қолдау көрсетсе, оқушының  жайсыздану, қорқу сияқты қорғаныс реакциялары едәуір әлсірейді. Оқушының  жетістігі  қаншалықты   үлкен болса, оның өзін-өзі   бағалауы да, өзін-өзі қабылдауы да, өзін-өзі құрметтеуі де соншалықты өсе түседі. Оқу сияқты жетекші   іс-әрекетпен айналысу барысында,   бала өмірінде  референттік ересек мұғалімнің  ықпалы ерекше болып келеді. Оның ықпалы  ата-ананың ықпалынан да жоғары болып табылады. Өйткені сынып жетекші   балалардың бір-бірімен танысуына және олардың арасында  ынтымақтастық пен өзара түсінушілік атмосферасының  қалыптасуына жағдай жасайды.Оқушының өзінің қоршаған адамдарды , соның ішінде  мұғалімдердің   қылықтарын жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптасқан құндылықтар және ережелер арқылы қабылдайды. Оқушылардың мектепке бейімделуі, оның психо-физиологиялық  тұрғыда таным процестерінің  жетілуі, күнделікті оқу үрдісіне сай дамиды.

Осы бойынша  мектептегі   даярлық тобында

1-ші тобында  5–оқушы бар. Тәрбиешісі: Ләйлә Аяпбергенова еңбек өтілі -30 жыл.


Ұсыныстар:

5 сыныптың пән мұғалімдеріне:

-оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта АКТ қолдану;

5 сынып жетекшісіне:

-оқушылардың мектепке деген қызығушылығын ояту мақсатында сынып сағаттарының өткізілуін жандандырып отыру;

-ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату

Оқушылардың мазасыздық күйін анықтау мақсатында 2-4 сыныптардан Р.Тэммпл В.Амен тесті алынды. Қатысқан 34 оқушы. Нәтижесінде  қобалжу жоғары деңгейде оқушы анықталмады.

Оқушылардың қол моторикасының даму деңгейін зерттеу мақсатында МАДТ және 1 сынып оқушыларынан Д.Эльконин «Графиктік диктант» жүргізілді. Оқушылар берген 4 өрнекті жалғастырды. Қатысқан МАДТ 10 оқушы. Нәтижесі: жоғары деңгейде-5 оқушы, орташадан жоғары-5 оқушы.

1 сыныпта 9 оқушы: жоғары деңгейде-5 оқушы, орташадан жоғары-4 оқушы. Төмен деңгейде оқушы жоқ.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің  және зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты мектепішілік іс-шаралар атқарылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алуға байланысты мектепішілік іс-шаралар атқарылды. Қыркүйек айында  суицидтің алдын алу профилактикасын жүргізу үшін жасалынған профилактикалық жылдық жұмыс жоспары құрылды.

Оқушылардың қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 9-11 сынып оқушылардан  Кондашт, «Менің көңіл-күйім», зорлық-зомбылықтың алдын алу сауалнамалар алынды.

Нәтижесінде  оқушылардың қобалжу шкаласы қалыпты, өмірлік жағдайға тап болған оқушылар анықталған жоқ.Жалпы оқушылардың мазасыздық деңгейі қалыпты.

14-21 қыркүйек аралығында « Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта өтті. Аптаның мақсаты-қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау. Осы аптаның аясында 10-11 сынып жетекшілері А. Лебаева Е. Сая  оқушылармен «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мектептің ДТІЖО  Ғ.Қ.Абдуалиев және мектеп психологы Ж.С.Итебаев «Мейірімділік ошағы-отбасы» атты тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен конференция ZOOM платформа арқылы өткізді. Барлық ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады. Осы іс-шара мектептің және фейсбук сайтына  салынды.

Мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Қ.Қуанышбеков отбасылық эстафета ұйымдастырды.

Апта шеңберінде жоспарланған іс-шаралар қоғамда отбасы мәртебесін арттырады.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектеп психологы ата-аналармен түсіндірме жұмыстар жүргізді. Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептерімен  (отбасындағы ақау тәрбие, ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы т.б), кибербуллинг түрлерімен таныстырды. Тәрбиеге байланысты ата-аналарға консультациялық көмек көрсетілді.

9 қазан күні «Балалардың психикалық денсаулығы»  тақырыбында сынып жетекшілер ата-аналарға ақпараттық материалдар және балаларын интернетте бос уақытын өткізуін, олардың жағымсыз топтар мен ойындарға қатыспауын қатаң бақылауға алуды  хабарландыру   таратылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты мектепішілік іс-шаралар атқарылды. Қыркүйек айында  зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасын жүргізу үшін жасалынған профилактикалық жылдық жұмыс жоспары құрылды.

Қыркүйек айында «Кибербуллинг, оның себептері» тақырыбында сынып жетекшілерге ақпарат берілді. Балалардың эмоционалды жағдайын үнемі бақылауда ұстау, назар аударатын белгілермен танысты.

2020 жылдың 22 қыркүйек күні «Жасөспірімдер арасындағы кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында психологтарға арналған ZOOM платформасында республикалық вебинарға қатыстым.

Қазіргі таңда интернетте кездесетін ойын түрлерімен (м/ы «стрим») балаларға қауіпты екенін, «Интернет ойындары және оның балаға әсері» атты тақырыбында  ата-аналармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Сәуір, мамыр айларында 7-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.Оқушылардың жауаптары саралап, қорытынды жасалды. Мектепте оқушыларға немесе жеке өзіңе күш көрсету, бопсалау, зорлық-зомбылық сияқты әрекеттер орын алған жоқ. Әлеуметтік желі арқылы кибербуллинг жасау жағдайлар анықталған жоқ.

9 қазан күні «Балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында ата-аналар арасында ақпараттық материалдар таратылды.10 қазан күні мектепте бастауыш сынып оқушылар арасында «Отбасы мейірім бесігі», «Менің отбасым» сурет көрмесі өткізілді. Көрме мақсаты: бала үшін отбасының маңызы мен құндылығын негіздеу болды. Оқушылармен мектеп психологы жаттығулар орындады. Мақсаты: позитивті көңіл-күй орату, стрестің алдын алу. 10-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Оқушылардың берген жауаптарын саралап, нәтижесінде зорлық-зомбылыққа тап болған оқушылар жоқ. Жалпы оқушыларға қысым жасайтын ересектер (ата-ана, мұғалім) тарапынан жоқ.

9-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтті.   Акцияның мақсаты: балаларды қатыгездіктен және  немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өміріі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.Мектептің  қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Б.Елеусинова және А.Туленова. «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында 9-11 сынып оқушылар арасында эссе байқауын өткізді. ДТІЖО Абишев Д. және психолог Чукенова Б. «Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен семинар өткізді. Ата-аналар зорлық-зомбылықтың түрлерімен, құрбаны болған жағдайда не істеу қажет екенін, алдын алу шараларымен танысты. Мектептің ұйымдастырушы П.Шамшиева және тәлімгер Б.Райымқұлова. оқушылар арасында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік» фотоконкурс ұйымдастырды.

Түнгі уақытта оқушыларды бақылау мақсатында «Жасөспірім», «Көше» рейдтер жүргізілді. 9-11 сынып жетекшілері «Біз өз   проблемаларымыз» оқушылармен сынып сағаттар өткізді. Мақсаты: жеке тұлғаның санасын ситуациялық сұрақтар, пікірталас көмегімен дамыту, қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Мектеп педагог- психологы Ж.Итебаев отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ата-аналарға және «Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы» мәселелері бойынша қыздарға кеңес өткізді.

Желтоқсан айында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 5-6 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды.Нәтижесінде бейтаныс адаммен өздерін қалай ұстауын біледі, ересек тарапынан оқушыларға қысым жоқ.

Ақпан  айындапсихологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында  мектепішілік іс-шаралар өтті.

Арт-терапия бағыты (изотерапия) балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында өте тиімді.Көптеген жағдайда сурет салу терапиясы балаға өзіннің психологиялық проблемаларымен күресуге көмектеседі. Жағымсыз сезімдердің, агрессивтіліктің шығуына мүмкіндік береді. Суреттермен, картиналармен жұмыс жасау-іштеі буды шығарудың, қысымды бәсендетудің қауіпсіз тәсілі.

Сезімдерін сөз арқылы жеткізе алмайтын балалармен жұмыс жасауда өте тиімді. Іште тұйықталып қалған сезімдерін, жағымсыз эмоцияларын, ішкі толғаныстарын  бала сурет салу арқылы шығарады. Изотерапия балалардың шығармашылық қабілеттерін, суреткерлік талғамын, ойлау-қиялдау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамытады, жаңа нәрселерді білуге құштарлығын арттады.

Бала бойында шығармашылық, икемділік, ерекше ойлау, шексіз қиялдау  сияқты қасиеттерді дамытуға инновациялық  әдіс тәсілдер көмектеседі. Мектеп психологы Ж.Итебаев.оқушылармен түзету жұмыстар жүргізді.

«Пуантализм» техникасы

Гибербелсенді балаларға қолдану тиімді, ойды жинақтауға көмектеседі. А4 қағазға  бір суреттің сұлбасын салады, ватный палочкамен нүкте қою арқылы гуашпен сол суретті салып шығады.

«Граттаж» техникасы

Тырнап сурет салу дегенді білдіреді. Балауызды бормен А4 қағазды бояйды.Үстіне балауызды үйкелеп, тегіс әрі толық жағып шығады. Қара гуашты 2-3 тамшы шампуньмен аралыстырып, жағып шығады.Кепкен соң зубочискамен сурет салады.

«Тұзбен сурет салу» техникасы

Қара жылтырақ А4 қағазға ПВА клеймен найзағай, жұлдыз сызып алады. ПВА клейдің үстіне тұз сеуіп шығады. Тұз клейге жабысқаннан кейін краскамен бояйды.

«Инсталляция» -бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыты болып табылады.Бұл кеңістік композияны білдіретін, әр түрлі дайын материалдардан және нысындардан құрылған (табиғы, тұрмыстық заттар) қазіргі заманның өнер кескіні.

Мектептің ұйымдастырушы Шапай С. 6 сынып оқушыларымен «Баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында ойын-викторина ұйымдастырды. Мақсаты:оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

Мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиев 8 сынып ата-аналарымен «Баланың мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: ата-аналарды жаңа мамандықтармен таныстыру, көмек беру.

11 сынып оқушыларымен   «Сенім-менің серігім» атты тақырыбында мектеп психологы Ж.Итебаев тренинг өткізді.Мақсаты:  өз сезімдері мен көңіл-күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

«Преподавателидің қазіргі жаңашылдық кезіндегі эмоционалдық құлдырауының алдын алу» тақырыбында мектеп психологы Чукенова Б. ұстаздармен семинар ұйымдастырды.

Құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» атты тақырыпта тыс іс-шара өткізді.

Ұсыныс:

1.Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары нығайтылсын.

2.Сынып жетекшілерге: оқушының мінез-құлқында қандай да бір өзгеріс барын байқаса жасырмай мектеп әкімшілігіне, психологқа хабардар ету.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және оның алдын алу мақсатында 12-13 мамыр күндері   мектеп оқушылары үшін қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғаудың көрнекі сабақтарын негізге ала отырып, 1-11 сынып оқушыларымен, сынып жетекшілерімен  ДТІЖО Д.Абишев және мектеп психологы Б.Чукенова қауіпсіз сабақ өткізді.

Мақсаты: өзін-өзі қорғаудың тәсілдерін пайдалана білу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлардын алдын алу мақсатында өзін-өзі қорғаудың тәсілдер мен бейнекөрсетілім ұйымдастырылды.

Родителям «Бала қауіпсіздігі» туралы жаднама және  бейнерөлик Watsapp желісі арқылы  таратылды.

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ауыл фельдшері  Л.Нышанова мектеп психологы Ж.Итебаев, тәлімгер Б.Райымқұлова7-10 сынып қыздарымен дөңгелек үстел өткізді.Ерте жүктілік немен қауіпті екенін түсіндірді, ерте жүктіліқтің зардаптарын айтты.Мектеп психологы өз тарапынан қыздарға кеңес берді: бейтаныс жерге бармау, жалғыз жүруге, танымайтың адамдардың көлігіне отырмау, бөгде адамдармен интернет арқылы таныспау. Тәлімгер қыздардың жеке гигиенасына көңіл аударды.


Жасөспірімдердің кәсіптік бейімдерін анықтауға арналған психологиялық зерттеу жұмысы

Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық  таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.Школьникам болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу мақсатында мектеп психологы Чукенова Б.

9 сынып оқушыларынан сауалнама алды. Мақсаты: оқушылардың бейімдерін анықтау.Оқушылар мамандықты   ата-аналармен кеңесіп таңдады.

Қараша айында ұйымдастырушы педагог Шапай С.бірлесіп 10 сынып оқушыларына «Мамандық таңдау-жүрек қалауы» тақырыбында презентация жасалды. Оқушылар жаңа мамандықтармен танысты, мамандық таңдаудағы негізгі мотивтерін білді, мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер туралы презентация көрді.

8-11 сынып оқушылары Е.А.Климовтың «Мен қаладым» сауалнамасын орындады. Мақсаты: мамандықтар түрлерінің құрылымына сәйкес әртүрлі мамандықтарды жинақтау.

Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау жөніндегі ойларын анықтау сауалнамасы 11 сынып оқушыларынан алынды. Авторы Л.Фридман, И.Каплунович. Оқушылар өзінің нақты мамандығын таңдап қойды. Таңдаған мамандыққа қоятын талаптарын біледі.

9 сынып оқушыларымен «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап», «Әріпті мамандық» жаттығулар орындады. Әр оқушы өзінің мамандық таңдауда шоқжұлдыз сипаттамасымен танысты.

«Мамандық таңдай білесіз бе?» атты тақырыбында 9-11 сынып оқушылары кеңес алды.Мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі 7 фактормен танысты. Олар: икемделік, мағлуматтылық, тартылу деңгейі, мүмкіншілік, ата-аналардың көзқарасы, құрдастарының көзқарастары, нарық қажеттілігі.

Ұсыныс:

1Кәсіптік ағарту жұмысы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілсін;

2.Техникалық үйірмелердің жұмысы күшейтілсін;






Дарынды оқушылармен жұмыс

Қыркүйек айында  жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

4 сынып оқушылары төрт тапсырма орындады: артық сөзді табу, қарама-қайшылық, әріптерді өшіру.  .

9-10 сыныптар Кеттел,  ШТУР, Мюнстерберг, Көшбасшылық қабілетті анықтау, Күрделі-ұқсастықтар тестерді орындады.Тесттің қорытындылары арнайы бланке жазылады.

Мектептің дарынды оқушылары қашықтық пән олимпиадаға, аудандық олимпиадаға, пікір-сайысқа, байқауларға, спорттық байқауларға белсене қатысты.

11 сыныптың емтиханға психологиялық дайындығы

Оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында  «Қобалжу шкаласы», «Менің микроәлемім», Кондаш тест алдым.

Нәтижесі: жалпы оқушылардың қобалжу деңгейі қалыпты.

Оқушылардың  бойындағы қобалжу, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру мақсатында « Үміт, сенім бізді жетелейді», «Менің мінезім», «Мақсатқа жетудің моделі» тренингтер, «Аяқталмаған сөйлемдер», «Эксперимент» жаттығулар өткізілді.

11 сынып ата-аналарымен «Емтаханға психологиялық дайындық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқушылар мына тақырыпта кеңес алды: «Дайындық кезендері», «Дұрыс тамақтану», «Толқығанда сезіміңді қалай басуға болады?» «Сынақтан сүрінбей өткін келе ме?» Стрессті жеңуге жол көрсету мақсатында «Стресстік жағдайлар» тақырыбында  алдын алу жұмыстар жүргізілді.

Көздің шаршағанын басатын жаттығулар жасап көрді.Ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар, өзін сендіруде қолданылатын бекіту сөздермен (аффирмация) танысты.

Емтиханнан сәтті өтудің психологиялық дайындық жадынамасы оқушыларға таратылды.


Психодиагностикалық жұмысты жетілдіру мақсатында мына төмендегі   міндеттерді алға қояды:

1. Оқушылардың өзара қарым–қатынасын түзету, әр оқушының сынып ұжымындағы өз орнын сезінуін қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру;

2. Сынып жетекшінің психологпен байланысын күшейтуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

3. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту бойынша жұмысты күшейту:

- психологиялық–педагогикалық ағартуға қатысуға деген қызығушылық, жағымды мотивация қалыптастыру;

- ата–аналардың өз балаларына білім алу барысында қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін дағды мен қабілеттерінің қалыптасуына жағдай жасау, «талантты» ата-аналарды анықтау;

- жасөспірімдермен конструктивті қарым- қатынас әдістері мен құралдарын меңгеруге үйрету, ата-ана белсенділігінің қалыптасуына ықпал ету;

- ата-ана тәжірибесімен «тең-теңімен» моделі бойынша  бөлісуге жағдай жасау, ата-аналарды білім беру ортасын жобалауға талпындыру.

Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де, мықты көңіл бөлінуі қажет. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әр бір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру  үшін  оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.Алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өмірде өз орнын таба білетін адамның қажеттілігін қалыптастыруына жақсы тәрбие, терең білім беру үшін жұмыс жасаймыз.


Әлеуметтік педагогтың2020 - 2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына сараптама


Әлеуметтік педагог баланы, оның ахуалын, дағдарысының деңгейін, одан шығу жолдарын зерттейтін болса, әлеуметтік талдаушы дағдарысқа түскен балалар қанаша, олар дағдарыстан шыға алды ма соны сараптайды. Бұл әлеуметтік талдаушының негізгі мақсаттарының бірі. Балаға қиын кезеңде қол ұшын беру – оңай шаруа емес. Қайғыға душар болған балаға қалай көмектесуге болады? Әлеуметтік педагог бұндай жағдайда өзін қалай ұстау керек? Балаға рухани демеу беру, тығырықтан шығаратын жол іздеу, сол жолды тауып, дұрыс шешім қабылдау, балаға сенім ұялату, оның өмірі жақсыға өзгеретініне сендіру. Осы орайда жоғарыда аталған жұмыс бағыттары бойынша 2020-2021оқу жылында қандай істер атқарылды, неге қол жеткізілді және қандай кемшіліктер жасалып, келесі оқу жылында нені ескеру керек екендігіне сараптама жасалынды.

Мектепте әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларды жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өткен оқу жылында жалпы жыл басында 250 оқушы, жылдың соңы 249 оқушымен аяқталды,16 сыныпта оқып тәрбиеленді, оның 120 ұл бала болса, 129 қыз болды.


  • Тұл жетім балалар жоқ.
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-I-ж.ж 2бала, II-ж.ж 2 бала
  • Толық емес отбасы баларының саны – 6, отбасы – 12;
  • Жалғыз балалы отбасылар – 0
  • Өгей әкемен тұратын бала -3, отбасы  -1;
  • Өгей анамен тұратын бала -0, отбасы -0;
  • Жалғызбасты аналар -2, бала – 6;
  • Мүгедек оқушы - 1 бала, отбасы-1;
  • Үйде оқытылатын оқушы – 1;
  • Аз қамтамасыз етілген отбасы - 19, бала -45;
  • Жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек көрсетілген оқушы саны – 35;
  • Ыстық тамақпен қамтылған -67 бала
  • Көп балалы отбасылар саны -38 , бала саны -83;


  • Сыныптардың ұлттық құрамы төмендегідей:
  • Қазақ- 223 оқушы, 1 үйде оқытылады;
  • Әзірбайжан- 14оқушы;
  • Өзбек-2;
  • Орыс- 6;
  • Беларус -1;
  • Қырғыз- 1;
  • Неміс-2;


Ыстық тамақпен:

  • І-ші жартыжылдықта елімізде болып жатқан пандемияға байланысты  оқушыларға тамақ берілген жоқ.
  • ІI-ші жартыжылдықта аз қаматамасыз етілген отбасының 67 баласы күніне 450 теңгеден тамақтанды
  • 1-4 сынып оқушылары – 38, 5-11 сынып оқушылары - 29 бала.

Арнайы тізім бойынша 1-11 сыныптарынан 67 оқушы бюджет есебінен  тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп директорының   бұйрығына сәйкес, әлеуметтік педагогтің тарапынан  тегін асханадағы тамақ берілуінге бақылау жасалынды. «Оқушыларды тегін тамақпен қамту» жұмыстары бойынша директор жанындағы кеңесте баяндама оқылып, ұсыныстар мен кемшіліктер айтылды. Мектеп асханасында тамақ ішу мәдениетіне байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылып безендірілді, асхана бұрышы ұйымдастырылды.

  • Жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек көрсетілген оқушы саны – 35 бала.Сынып жетекшілерін, ата-ана комитеті мүшелерін қатыстыра отырып, сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайын зерттеу жұмыстары жүргізілді, әр оқушыға акт жазылды, акт негізінде сынып оқушыларын әлеуметтік зерттеу тізімі құрылды. Құрылған тізімді негізге ала отырып, сыныптар бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу сараптамасы, зерттеу мониторингі және диаграммасы жасалынды. Сынып жетекшілерімен бірлесіп әр сыныпқа «Сыныптың әлеуметтік паспорты» толтырылды.
  • 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жүргізілген Республикалық «Мектепке жол» акциясына байланысты мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылды. Аудандық білім бөліміне және ауылдық әкімшілікке акцияны өткізу, акция барысында көмек көрсетілген оқушылар туралы мәлімет әр 10күн сайын  өткізілді.  Акциясыны ұйымдастыру барысында ақпараттық үн қаңғаздар таратылды, қабырға газеттер шығарылды. Жоспарыға сәйкес акцияның басталуы туралыШыңбұлақ, Қосмұрат, Майбұлақ ауылдарының

тұрғындары хабардар болып,   мектептегі құрылған Попечительский советі тарапынан жиналыс өткізілді. Акция жургізілуі туралы ауылдық округ әкімі тығыз байланыста болып, толық ақпараттандырылды. Ауылдың қоғамдық орындарына   акцияның басталуы туралы   хабарламалар жарияланды. Мектеп көлемінде қатер тобындағы қасақана сабақтан жалтарғандар, панасыз, тұрмысы қолайсыз отбасындағы, және мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында 1-30 тамыз аралығында рейдтік іс - шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, бала еңбегінің қаналуы бойынша фактілер анықталған жоқ.«Мектепке жол» акциясын өткізуге жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары және ұстаздар қатысты.Акция барысында 6 оқушыға 65000 (алпыс бес мың) теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

  • Оқушылардың оқулықпен қамтылуы.Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың тегін оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында сараптау жұмысы жүргізілді. 1-4, 5-11 сынып оқушылары тегін оқулықпен 100% қамтамасыз етілді. Әлеуметтік  көмек қажет ететін отбасы оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі қадағаланды. Мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылауға қатысып, мектеп кітапханашысымен бірлесе отырып, оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі, оқулықтарды сабаққа, алып келуі, оқулықтың күтімі зерттеліп, анықтама жазылды.
  • Денсаулығына байланысты 1 оқушы үйде оқыту жағдайында білім алады. Үйде оқытылатын оқушы Сырлыбек Ердәулет Бердібекұлы (1сынып), үйіне сынып жетекшісімен және жауапты мұғаліммен барып, отбасы жағдайын зерттеу, оқушылардың сабақты меңгеруі бойынша әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Үйде оқытылатын оқушының сабақ үлгерімін, мұғалімдердің сабақ беру сапасын және оқушының әлеуметтік жағдайын қосымша зерделеу мақсатында мектеп директорының бұйрығымен комиссия мүшелері – оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сейсенова мен мектеп психологы   Ж.Итебаевтың қатысуымен рейд жүргізіліп, қорытындысы директор жанындағы кеңесте тыңдалды. Үйде оқытылатын оқушының оқу үлгерімін, білім сапасын анықтау мақсатында пән мұғалімдерінен оқушының білімді меңгеруі туралы сараптамасы алынып, пән мұғалімдеріне ақыл-кеңестер берілді.
  • Жуалы ауданы әкімінің шыршасына әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан 2 оқушы қатысып жаңа жылдық сыйлықтарын алды. Олар: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Битұрсын Гүлзат 10 сынып оқушысы, Битұрсын Назым 8 сынып оқушысы
  • Қаңтар айыда өткен«Қамқорлық» жалпы республикалық акциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес акцияның басталуы бойынша ауыл көлемінде және мектептегі құрылған қорғаншылық кеңесі тарапынан жиналыс өткізілді. Мектепте қатер тобындағы қасақана сабақтан жалтарғандар, панасыз, тұрмысы қолайсыз отбасындағы және мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында рейдттік іс - шаралар өткізілді, сонымен қатар бала еңбегінің қаналуы бойынша фактілер анықталған жоқ.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив