"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын педагогикалық ұжымға түсіндіру жұмыстары
Педагогикалық кеңес хаттамасынан үзінді
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
2024 жыл «29» тамыз
Төрайымы – М.Бексейтова
Хатшы – А. Исакулова
Қатысқандар- 39 мұғалім
Күн тәртібінде
2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» жаңартылған бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне құндылықтар арқылы енгізу туралы.
Тыңдалды
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиев педагогикалық ұжымға тәрбие үштағанының идеологемалары, білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу туралы айтып өтті. Биылғы біртұтас тәрбие бағдарламасы «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген. Сонымен қатар құныдылықтардың білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және сыныа сағаттарын жоспарлауда қолдану қажеттігін, әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде білім алушылардың жеке бас қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылатындығына тоқталды. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі әр буынға құндылықтарға сай индикаторлар берілген. Сол индикаторларды сынып сағаттарында, пән сабақтарында қолданылу ұсынылады.
Шешім етті
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған слабовидящих оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынсын.
Мектеп директоры М.Бексейтова
Хатшы А.Исакулова

