06
ноябрь
2019
Адалдық сағаты
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 1 қарашадағы №8/11-2-4946 хатына сәйкес 6 қараша күні бірыңғай республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдуалиев жүргізіп, арнайы шақырылған қонақ ауылдық ардагерлер алқасының мүшесі Қ.Абдуалиев оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс оқып, оқушылармен пікір алмасты.










