06
March
2020
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай аудандық білім бөлімінен келген хат негізінде жоспар жасалынып, сол жоспар бойынша іс-шаралардың атқарылды. Атап айтар болсақ, 1-11 сыныптарда «Арулар асыл жандар», «Ана өмір бастауы», «Анаға мың тағзым» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. Мерекеге орай акт залында педагог ұйымдастырушы П. Шамшиева «Асыл анашым!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аға тәлімгер Б. Райымқұлова мерекеге арнап суреттер көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашы М. Қажырходжаева «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырды. Ден тәрбиесі пәнінің мұғалімі М. Абдуалиев «Сұлулық пен денсаулық» тақырыбында спорттық жарыстар өткізді.









