№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі КММ-нің директоры Бексейтова Майра Жұмабекқызының жылдық есебі
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысының талдауы.
1.Пән мұғалімдері туралы базалық мәлімет
Талдау параметрлері\ Оқу жылдары | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | Динамика +\- |
Мұғалім саны | 41 | 40 | -1 |
Жоғары білімдісі | 41 | 40 | -1 |
Жоғары санатта (педагог-зерттеуші) | 9 | 12 | +3 |
І санатта (педагог-сарапшы) | 7 | 7 | 0 |
ІІ санатта (педагог-модератор) | 8 | 9 | +1 |
Санаты жоқ | 13 | 12 | -1 |
Жас маман | 2 | 2 | -0 |
Күндізгі бөлім | 21 | 21 | 0 |
Сырттай бөлім | 20 | 19 | -1 |
Мамандығы сәйкес емес | 0 | 0 | 0 |
Зейнетке шығып істеп жатқаны | 1 | 0 | -1 |
Мектеп алғаш 2007 жылы пайдалануға берілді. Мектептің жалпы сыйымдылығы 180 оқушыға арналған. Бірақ 5 оқу кабинеті мен 1 холл «Балдәурен» балабақшасының үлесінде. Қазіргі таңда 14 оқу кабинеті бар, олардың 14-і де паспортталған. Олар: биология-химия, информатика, тарих, математика, орыс тілі, қазақ тілі, физика, технология (ұлдар), АӘД және 5 бастауыш сыныптар кабинеті. Сондай-ақ, 1 мультимедия кабинеті, 1 робототехника кабинеті, спорт зал мен акт залы және кітапхана жұмыс жасайды.
Биылғы, 2022-2023 оқу жылында 212 оқушы 15 сынып жиынтығына топтастырылып, екі ауысымда оқытылды. Оларға білім, тәрбие беру мақсатында 40 педагог маман қызмет атқарды. Мектеп таза қазақ тілінде оқытады. Мамандығы сәйкес келмейтін мұғалімдер жоқ.
Санаты бойынша:
Жоғары санатты мұғалімдер-2 (5%), педагог-зерттеуші мұғалімдер-10(25%), І санатты мұғалімдер-4 (10%), педагог-сарапшы мұғалімдер-3 (7,5%), ІІ санатты мұғалімдер-1 (2,5%), педагог-модератор мұғалімдер-8(20%),санаты жоқ мұғалімдер-30%) Үлесі: 47,5 %. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда, 8,4% - артып отыр.
Жалпыға бірдей білім беру
Оқушы контингенті
№ | Оқу жылдары | Оқушы саны | Барлығы |
1 | 2020-2021 оқу жылы | 249 | 249 |
2 | 2021-2022 оқу жылы | 212 | 212 |
3 | 2022-2023 оқу жылы | 212 | 212 |
Динамика: | 0 | 0 |
2022-2023 оқу жылын барлығы 212 оқушы (15 сынып жиынтығы) аяқтады. Оның ішінде:
1-4 сыныптарда 65 оқушы,
5-9 сыныптарда 119 оқушы,
10-11 сыныптарда 28 оқушы.
Оқушылар қозғалысы тоқсан сайын жүргізіліп, ҰББДҚ-мен сәйкестендіріліп отырды.
Білім сапасын арттыру
Оқу жылында мектеп директорының басшылығымен күнделікті оқыту үрдісін басқару, бақылау және тексеру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Мектеп оқушыларына мемлекекеттік стандарттарды меңгертумен қатар, жеке тұлғаны дамытуға, интеллектуалдық қабілетін арттыруға ықпал ететін қосымша пәндер оқытылып, сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде мектебіміз оқу жылын табысты қорытындылады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы – 64,3 пайызды құрады.
Есепті жылда негізгі мектеп курсын 30 оқушы бітірді, оның ішінде 6 оқушы «Үздік куәлікке» ие болды. Ендігі міндет оқушылармен дербес жұмыс жүргізуді барынша жақсарту, оларды алған білімдерін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге баулу, функционалды сауаттылығын дамыту және интеллектуалды қабілеттерін жетілдіру арқылы көшбасшылыққа баулу жұмыстарын жандандыру талап етіледі.
Есепті мерзімде жалпыға бірдей білім беру сапасын арттыру мақсатында жыл көлемінде пәрменді жұмыс жүргізілді. Пән мұғалімдері күнделікті сабақта түрлі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыра отырып, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту бағытында ғылыми тұрғыда ізденді. Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің күнделікті сабақ беру, жаңа инновациялық технологияларды ендіру, оқыту тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарына тұрақты бақылау орнатылып, пән бірлестіктері мұғалімдерінің сапа мониторингі жүргізілді.
Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі (%)
1-11 сыныптардың білім сапасы бойынша соңғы үш жылдағы салыстырмалы көрсеткіші
Оқу жылы | Оқушы саны | Үздік | % | Екпінді | % | Үлгерім | Білім сапасы |
2020-2021 оқу жылы | 249 | 51 | 23% | 104 | 47% | 100% | 70% |
2021-2022 оқу жылы | 212 | 46 | 22 % | 84 | 40 % | 100% | 65% |
2022-2023 оқу жылы | 212 | 40 | 21 % | 86 | 43 % | 100% | 64,3% |
Оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері
Сатылар | 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы |
1-4 сыныптар | 73% | 71 % | 69% |
5-9 сыныптар | 66% | 60 % | 58% |
10-11 сыныптар | 64% | 54 % | 67% |
Мектеп бойынша | 70% | 65 % | 64,3% |
Соңғы үш жылғы параллель сыныптар бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері
Сыныптар | 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы |
1 сыныптар | |||
2 сыныптар | 76% | 70% | 75% |
3 сыныптар | 78% | 71% | 59,9% |
4 сыныптар | 68% | 76% | 78,95% |
1-4 сыныптар | 74% | 73% | 71,2% |
5 сыныптар | 73% | 57% | 66,6% |
6 сыныптар | 64% | 73% | 60% |
7 сыныптар | 76% | 64% | 59,2% |
8 сыныптар | 52% | 73% | 53,3% |
9 сыныптар | 66% | 47% | 66,67% |
5-9 сыныптар | 66% | 63% | 61,1% |
10 сыныптар | 60% | 64% | 58,3 % |
11 сыныптар | 78% | 57% | 68,7% |
10-11 сыныптар | 69% | 61% | 63,5% |
1-11 сыныптар | 70% | 65% | 64,2% |
Білім алушылардың білімінің пәндер ойынша сапалық көрсеткіштері:
Бастауыш саты бойынша:
Қазақ т. | Әд. Оқу | Матем | Ағыл.т. | Русск.яз. | Жарат.тану | |
Білім сапа | 71% | 82% | 73% | 80% | 73% | 81% |
Үлгерім | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
5-11 сыныптар бойынша:
Қазақ т. | Қаз. әд. | Матем | Биол | Геогр | Физика | Химия | Алгебра | Геом. | Орыс т | Қаз. тар. | Ағыл.т. | Ин | д.ж. тарих | жарат.у | |
форм. | |||||||||||||||
Білім сапасы | 78% | 79% | 71% | 70% | 79% | 71% | 70% | 69% | 78% | 72% | 76% | 72% | 76% | 81% | 81% |
Үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100 | 100% |
Тұжырымдамалар мен ұсыныстар:
1.Білім сапасын арттыру мақсатында, әр баланың қолжетімді және сапалы білім алу құқығын жүзеге асыру бойынша әрбір мұғалім мен сынып жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру.
2. Педагог-психологпен бірлесе отырып, дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың деректер банкін құру және олармен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу.
3.Оқушылардың оқу уәждемесін арттыру мақсатында, оқытудың нәтижелі технологияларын мұғалімдердің қолдануын зерделеу.
4.Педагогтарды көтермелеудің әртүрлі нысандарын пайдалану.
5.Пәндік апталықтар өткізудің сапасы және пәндер бойынша сыныптантыс жұмыс ұйымдастыру, оқу пәніне деген уәждемесін арттыру факторы ретінде.
6.Мұғалімдер және сынып жетекшілері себепсіз сабақ босатудың алдын алу бойынша оңтайлы шаралар іздеуді жалғастыру.Мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау тапсыру нысандары.
2.Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындық жұмыстары.
2022-2023 оқу жылында мектепте ҰБТ-ге дайындық жұмыстары «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 басшылыққа ала отырып жүргізілді.
Мақсаты:
1. 9,11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындығын шыңдау, негізгі пәндерден оқушылардың білім сапасын арттыру.
2.Жоғарғы оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарын бөлу үшін ҰБТ-ге сапалы дайындау.
Мектепте қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау жолдары бойынша мектебімізде «Мектепте қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындаудың тиімді тәсілдері», «Мемлекеттік қорытынды аттестаттуда және ҰБТ –да кездесетін тест тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинарлар ,ата-аналармен,оқушылармен «Серпін -2050» әлеуметтік жобасы – жеңілдік баспалдағы» тақырыбында жиналыс, тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді. Жыл бойы бекітілген кестеге сай ата-аналармен жиналыстар,дөңгелек үстелдер, тренингтер және психологиялық кеңестер жүргізілді.
2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітірушілерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы.
Жалпы бүгінгі күні саласы бойынша барлығымыздын алдымызға қойылған міндет біреу.Ол – сапалы білім беру,білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару.Оның негізігі көрсеткіші ҰБТ нәтижесі болып табылады. Мектебімізде ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру үшін жыл басында арнайы жоспар құрылып , істелетін іс-шаралар белгіленді.Жоспар бойынша арнайы семинарлар өткізілді.
2022-2023 оқу жылында мектепте 11 сыныпты 16 білім алушы аяқтап , оның 15 ҰБТ ге қатысып мектеп бойынша орта балл 67,8 балды құрады. Кенжебек Диас -109 ұпай жинады,төменгі көрсеткішті Әли Ермек 36 балл алды. Шығармашылық бағытты таңдаған оқушы жоқ.
Мектеп бітірушілердің ішінен 1 білім алушы ҰБТ-ге қатыспады.
Алтын белгі төсбелгісі иегерлерінің үлесі -12,5 % құрады. Мектепте 2 білім алушы Алтын белгі төсбелгісінің иегерлері атап айтқанда Жұмағали Ақтоты – 105 балл жинаса, ал Алтай Қарақат 72 балл жинайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балын арттыру
2023 жылғы қаңтар наурыз, мусым айындағы ҰБТ нәтижесі салыстырмалы көрсеткіші төмендегіше болды:
Барлық оқушылар саны | 2022-2023 оқу жылы қаңтар | 2022-2023 оқу жылы Наурыз | 2022-2023 оқу жылы маусым | Динамикасы |
ҰБТ қатысқаны | 16 | 14 | 15 | -2 |
Орташа балл | 67 | 63 | 68,7 | -4 |
Ең жоғары балл | 1 оқушы – 115 2 оқушы -106 | 1 оқушы-103 балл | 1 оқушы – 109 2 оқушы -105 | -1 оқушы |
Ең төменгі балл | 1 оқушы – 36 2 оқушы -38 | 2 оқушы -44 | 1 оқушы – 34 2 оқушы -39 | |
Шектік баллдан жоғары | 12 оқушы -75% | 10 оқушы -71,4% | -3,6 % |
№ 24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының мамыр маусым айында тапсырған ҰБТ нәтижесі.
№ | Аты-жөні | Пән бойынша баллы | Барлык баллы | ||||||||
Мат сауат | Оқу сауат | Каз тар | Таңдау пәндері | ||||||||
1-ші | 2-ші | ||||||||||
Пән | балл | Пән | Балл | ||||||||
1 | Әби Абылай | 10 | 10 | 8 | Дүн.тар | 15 | Құқ.негіздері | 12 | 55 | ||
2 | Ақынбай Жаңабек | 7 | 7 | 11 | д/тарих | 8 | Құқық нег | 6 | 39 | ||
3 | Пернебек Нұрасыл | 8 | 9 | 10 | Физика | 7 | Матем | 10 | 44 | ||
4 | Али Ермек | 4 | 8 | 10 | Матем | 7 | Информ | 7 | 36 | ||
5 | Ғабит Шұғыла | 7 | 14 | 10 | Құқық | 20 | Д/тарих | 14 | 65 | ||
6 | Еркінбек Мөлдір | 6 | 6 | 11 | Ағылшын | 21 | Д/тарих | 21 | 70 | ||
7 | Кенжебек Диас | 15 | 15 | 17 | Информ | 24 | Матем | 38 | 109 | ||
8 | Сейдерәлі Аяжан | 8 | 10 | 11 | д/тарих | 22 | ағылшын | 9 | 60 | ||
9 | Жартыбек Аяулым | 8 | 11 | 11 | Дүние т | 21 | Географ | 22 | 73 | ||
10 | Асхат Сарбиназ | 15 | 14 | 17 | Физика | 36 | Матем | 41 | 123 | ||
11 | Кайрат Инсаният | 8 | 11 | 14 | Физика | 10 | Матем | 16 | 59 | ||
12 | Алтай Қаракат | 6 | 11 | 10 | Физика | 25 | Матем | 20 | 72 | ||
13 | Жұмағали Ақтоты | 10 | 13 | 15 | Географ | 34 | д/тарих | 33 | 105 | ||
14 | Абен Шапағат | 12 | 8 | 7 | Биолог | 15 | Химия | 14 | 56 | ||
15 | Сейтқұл Назерке | 9 | 6 | 11 | Биолог | 13 | Химия | 11 | 50 | ||
9- сыныптан алынған мемлекеттік емтихандардың қорытындысы
2022-2023 оқу жылында 9 сыныпты бітіруші 30 оқушының барлығы мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілген болатын. Олар 2022 жылдың 02 маусым күні қазақ тілі пәнінен жазбаша, 6 маусым күні алгебра пәнінен жазбаша, 9 маусым күні орыс тілі пәнінен жазбаша емтихан тапсырды.
Таңдау пәнінен 13 маусым күні жазбаша емтихан тапсырды.
Оның нәтижесі төмендегіше болды:
Пәні | Сныбы | Қатыс-қаны | «5» | % | «4» | % | «3» | % | «2» | % | Сапа | Үлгерім |
Қазақ тілі мен әдебиеті (жазбаша) | 9 а | 15 | 6 | 40% | 7 | 46,6% | 2 | 13,3% | -- | -- | 86,6 | 100% |
Қазақ тілі мен әдебиеті (жазбаша) | 9 ә | 15 | 3 | 20% | 12 | 80% | -- | -- | -- | -- | 100 | 100% |
Алгебра (жазбаша) | 9 а | 15 | 8 | 53,3% | 6 | 40% | 1 | 66,6% | -- | -- | 93,3 | 100% |
Алгебра (жазбаша) | 9 ә | 15 | 3 | 20% | 11 | 73,3% | 1 | 66,6% | -- | -- | 93,3 | 100% |
Орыс тілі (жазбаша) | 9 а | 15 | 6 | 40% | 6 | 40% | 3 | 20% | -- | -- | 80 | 100% |
Орыс тілі (жазбаша) | 9 ә | 15 | 3 | 20% | 12 | 80% | -- | -- | -- | -- | 100 | 100% |
Таңдау пәні | 9 а | 15 | 9 | 60% | 5 | 33,3% | 1 | 66,6% | -- | -- | 93,3 | 100% |
Таңдау пәні | 9 ә | 15 | 7 | 8 | -- | -- | -- | -- | 100% | |||
Жалпы | 15 | 20 | 29% | 30 | 44,5% | 18 | 26% | -- | -- | 73,2% | 100% |
11 сыныптан алынған мемлекеттік емтихандардың қорытындысы
Пәні | Сыныбы | Қатысқаны | «5» | % | «4» | % | «3» | % | «2» | % | Білім сапасы | Үлгерімі |
Қазақ тілі мен әдебиеті (эссе) | 11 | 16 | 8 | 50% | 3 | 18,8% | 4 | 25% | -- | - | 68,8% | 100% |
Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) | 11 | 16 | 7 | 43,8% | 9 | 56,3% | -- | -- | -- | - | 100 % | 100% |
Орыс тілі (тест) | 11 | 16 | 3 | 18,8% | 10 | 62,5% | 3 | 18,8% | -- | - | 81,3% | 100% |
Қазақстан тарихы (ауызша) | 11 | 16 | 5 | 31,3% | 8 | 50% | 2 | 12,5% | -- | - | 81,3% | 100% |
Таңдау пәні | 11 | 16 | 7 | 43,8% | 7 | 43,8% | 2 | 12,5% | -- | - | 87,5% | 100 % |
Барлығы | 11 | 16 | 23% | 55% | 24 % | -- | - | 83,7% | 100% |
Мектеп бітіруші 11 сыныптықтардың 16-ы де мектеп қабырғасында қорытынды аттестаттауда 5 пәннен мемлекеттік емтихан тапсырды. Атап айтқанда, 5 маусым күні қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырды, мамырдың 8-ы күні алгебра пәнінен жазбаша (эссе), 15 маусым күні орыс тілінен тест, 12 маусым күні Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан тапсырды, 19 маусым күні таңдау пәнінен емтихан тапсырды. Нәтижесі төмендегіше болды:
Емтихан кезінде өрескел тәртіп бұзушылық кездескен жоқ. Барлық емтиханға оқушылар түгел, уақтысында қатысты. Жылдық қорытынды бойынша 2 оқушы алтын белгі алды, ал екпінді қатарындағылар өз деңгейінде тапсырып шықты.
Мектепішілік бақылаудың талдауы
Мектепішілік бақылау- бұл мектеп әкімшілігінің нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес, басқару бағдарламасынан ауытқушылықты анықтауға бағытталған саналы да мақсатты қызметі.
Пәндер бойынша оқу жылы ағымындағы білімдері мен біліктерін бақылау, бұл тоқсан бойынша, жарты жылдық және қорытынды бақылау болып табылады. Мұғалімдердің тоқсан, жыл қорытындысы бойынша есептері, талдау жасай отырып, әкімшілік бақылау жұмыстары дәстүрлі түрде жалғастырылды. Осы бақылаудың нәтижесі статистикалық салыстырмалы кестелер түрінде ұсынылды; әкімшілікпен және педагогикалық ұжыммен келесі оқу жылының жұмысын жоспарлағанда қолданылады.
2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың негізгі міндеттерінің бірі педаготардың оқу-тәрбие қызметі туралы ақпарат алу, оқыту ахуалын, оқушылардың жалпы оқулық білік-дағдыларын анықтау және бағалау.
Бақылаудың дәстүрлі нысандарын пайдалану (шолулық, тақырыптық, сыныптық - қорыту, жеке, ескерту, фронталды).
2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын бақылаудың негізігі элементтері төмендегідей болды:
ҚР «Білім туралы» Заңын орындау;
Оқушылардың үлгерім сапасы;
Мектеп құжаттамасын жүргізу сапасы (оқушылардың жеке істері, журналдары, күнделіктері, дәптерлері)
Оқу бағдарламаларының орындалуы, оқушылардың мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау ;
СанПин және еңбек қорғау талаптарының орындалуы(оқу кабинеттерінің ахуалы мектептегі компьютерлік технолгияларды қолдану);
мектепте тәрбие жұмысының сапасын арттыру.
Көп нұсқалық және саралап оқыту жағдайында мектептің , мұғалімнің қызметін бақылаудың және нәтижені бағалау ерекше өзектілікке ие болады.Оқытудың ахуалын және сапасын сипаттайтын барлық параметрлерді зерделеу, анықтау және бағалау, бұл ахуалға әсер ететін факторлар мен себептеріні анықтау, білім беру үрдісінің кемшіліктері мен оның нәтижелерін түзету негізінде жатыр. Бағалаудың түпкі нәтижесін анықтау үшін оқушылардың барлық пәндер бойынша дайындық деңгейлерін зерделеу қажет. Білім алушылардың дайындық деңгейлерін зерделеудің бір нысаны әртүрлі пәндер бойынша диагностикалау болып табылады. Өткен оқу жылында мектепте диагностиканың әртүрлі нысандары қолданылды:
келесі пәндер бойынша сынама тестілеулер: қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы, физика, химия, биология, география, шет тілі; келесі пәндер бойынша дәстүрлі нысандағы бақылау жұмыстары: математика, дүниежүзі тарихы, физика, химия, биология.
Олар білім алушылардың білімдерінің жақсы нәтижесі мен жоғары сапасын қамтамасыз П. Шамшиева, Д. Усенбаеваның сабақтарына кіру талдауы, жас мұғалімдер оқыту әдістемесін меңгергендерін, еңбектің жоғары нәтижесін көрсетті; олардың білім алушылары оқу есептерінің ұтымды тәсілдерін көрсетті, дамыған қисынды ойлау, оқу есептерін шығаруда жүйелілікті меңгерген. Осылайша, мектеп қызметін талдауға және жоспарлауға жүйелі түрде қарау, өткізілген түзету іс-шараларының нәтижелілігі, мектеп бітірушілердің мемлекеттік аттестаттауының нәтижелері, курстық дайындық шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектепте өткізілетін семинарлар, педагогикалық шеберханалар, мұғалімдердің аттестаттаудан табысты өтуі, оқушылардың олимпиадалық қозғалысы және ата-аналармен жұмыс, мектепішілік бақылау жоспары орындалғанын және оның басты міндеті- білім сапасын арттыру орындалғанын көрсетеді. Мектеп әкімшлігі мүшелерінің құзыреттілігі мен әдістемелік дайындық деңгейі оқу-тәрбие жұмысының барлық бағыттарын білікті басқаруды қамтамасыз етуге жеткілікіті, дәйекті және жеткілікті мөлшерде толық деуге болады.Жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды, мектепішілік бақылаудың нақты жүйесі қалыптасқан: бақылау өткізу, анықтама жасау,бақылау нәтижелерін талдау, бұйрық шығару (қажет болған жағдайда).
Мектепішілік бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша әкімшілік пен пәндік бірлестік өзара іс-ірекеттерін одан әрі жалғастыру,өзара бақылау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, жаңа оқу жылында өзін-өзі бақылауда жұмыс істеп жүрген мұғалімдер тобын атап көрсету.
Әрі қарай шешуді талап ететін мәселелер:
1. Орта буын оқушыларының білім сапасын арттыру
2. Оқудағы және тәрбиедегі қиындықтарды анықтау және жеңу мақсатында ата-аналармен(оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты күшейту. Мектепішілік бақылау оқу жылы ағымында «№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ «Мектепшілік бақылау туралы Ереже» негізінде жүргізілді және оқу-тәрбие үрдісінің спасын арттыруға бағытталған. Мектепте келесі бағыттар бойынша оқу қызметінің мониторингы жүзеге асырылады:
«Білім туралы Заңды» орындау
оқу пәндерін оқытудың ахуалы
оқушылардың білім сапасы
мектеп құжаттамаларын жүргізу сапасы
оқу бағдарламаларын және практикалық бөлімін орындау
педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың шешімдерін орындау
әдістемелік дайындық және педагогтардың кәсіби шеберліктерінің өсуі
9 сыныптардың сыныптық-қорыту бақылауы
Мақсат : үлгерімнің төмендеу себептерін анықтау , оқыту деңгейін зерделеу және оқушыларға қойылатын біріңғай талаптардың орындалуы, мұғалімдер мен оқушылардың мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға дайындығы бойынша жұмысының талдауы. Бақылау шеңберінде сабақтарға қатысылды, күнделіктер мен дәптерлер тексерілді, сынып жетекшілерімен әңгімелер жүргізілді.
Мақсаттар:
2. Оқытудың екінші және үшінші сатылары арасындағы сабақтастық принциптерінің сақталуы.
3. Пәндерді оқыту ахуалын бақылау
4. мектеп құжаттамасының ахуалы
Жұмыс мазмұны:
1. Пәндер бойынша сабақтарға қатысу және талдау (әкімшілік)
2. Сынама тестілеу өткізі және оның талдау (әкімшілік)
3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру ( бірлестік жетекшілері)
4. Оқушылардың күнделіктерін тексеру (ОТЖ бой.дир.орынб.)
5. Сыныптың электронды журналын тексеру (Айти бой.дир.орынб.)
6. Үй жұмысының мөлшерін бақылау (ОТЖ бой.дир.орынб.)
7. Сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін жасау (сынып жетекшілері)
8. Оқушылардың 10 сыныпқа бейімделуі бойынша анкеталау және диагностикалау (психолог)
9. Тәрбие жұмысының талдау (әкімшілік)
10. Ата-аналар жиналысы (әкімшілік, сынып жетекшілері)
1. Тақырыптық бақылау: оқушылардың оқу әдебиетімен және оқулықтармен қамтамасыз етілуі жұмыс бағдарламаларының орындалу сапасы және нәтижелілігі мемлекттік бағдарламаның және оның тәжірибелік бөлімінің орындалуы оқу жылы соңында оқу материалдарын қайталауды ұйымдастыру
«Білім туралы Заңның» орындалуы, білімнің қолжетімділігі қағидасын жүзеге асыру үлгерімі төмен оқушыларман жеке және саралап оқыту жұмыстары мұғалімдердің мектеп құжаттамаларымен жұмыс жүйесі және сапасы.
2. Келесі пәндер бойынша білім деңгейін әкімшілік бақылау: қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі.
Тұжырымдар мен ұсыныстар:
1. Мектеп әкімшлігі мүшелерінің құзыреттілігі мен әдістемелік дайындық деңгейі оқу-тәрбие үрдісінің барлық бағыттарында басқаруды қамтамасыз етуге жеткілікті.
2. Бақылаудың нысандары мен әдістері педагогикалық ұжымның оқу жылына қойған міндеттеріне сәйкес келеді.
Жүргізілген жұмысқа сәйкес келесідей қорытынды жасалды:
1. Мектеп қызметінің негізгі бағытын сақтап қалу:Ғылыми-зерттеулік қамтамасыз ету;
Оқу-әдістемелік қамтамсыз ету;
Білім беру қызметін ұсыну сапасының мониторингі;
Оқу үрдісін ақпараттандыру.
2. Білім алушылардың функционалдық сауттылығын қалыптастыру негізін қамтамсыз ету;
3. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін артыру бойынша жұмысты жалғастыру;
4. Республикалық, халықаралық деңгейге жету үшін, негізгі және жоғары мектеп білім алушылары мен педагогтарының ғылыми-зерттеу қызметін күшейту.
.5. Білім сапасын арттыру бойынша жұмыс істеу.
6. Инклюзивті білім беру үшін жағдайдың жасалуы
Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрімен ауыратын Сырлыбек Ердаулет ағымдағы оқу жылында көмекші бағдарламамен 3 сыныпты үй жағдайында оқып бітірді. Оқушы үшін жеке жұмыстық оқу жоспары жасалып, жоғары білімді пән мұғалімдері дәріс берді. Оқу жылы барысында оқушымен коррекциялық түзету жұмысын жүргізу үшін арнайы жабдықталған кабинет қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі баламен мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагог жұмыс жасады.
7. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша атқарылған іс –шаралар
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы педагогтардың
100%-ы арнайы пәндік курстардан өткен.
Мектепте үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды. Атап айтқанда, мұғалімдер, ата-аналар арасында түрлі тақырыпта семинарлар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 1-11 сыныптардағы негізгі пәндер үшін бөлім бойынша жиынтық, тоқсандық жиынтық өткізу кестесі жасалып, сол бойынша алынды. Бұйрықпен бекітілген модерация комиссиясы ұсынылған жұмыстарды тексеріп, хаттамалап отырды
Ғылыми-әдістемелік жұмысының талдауы
2022-2023 оқу жылында әдістемелік орталығы шығармашылық-ізденіс тақырыбымен жұмыс істеді: «Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру»
Мақсаты: мұғалімнің ғылыми-педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру
Күтілетін нәтиже: инновациялық көзқарастағы құзырлы ұстаз
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы төменгідей құрылымнан тұрады:
1. Жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, спорт және өнертану бірлестіктері мен бастауыш сыныптар бірлестігі
2.Оқушылардың «Алғырлар» ғылыми қоғамы
3.«Жас мамандар» мектебі
5.«Жаңашыл» шығармашылық тобы
6. «Озат тәжірибе» мектебі
2022-2023 оқу жылында оқу-әдістемелік жұмыстар 4 пән бірлестіктері арқылы атқарылды. Мектеп директорының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №28 бұйрығымен пәндік әдістемелік бірлестік құрылып, жетекшілері бекітілген.
1. Қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі - Елеусинова Б.Н.
2. Жаратылыстану-математикалық циклды пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі- Каипова Г.Ж
3. Спорт және өнертану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Ракишев Н. А.
4. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі-Тастемирова Қ. А.
Әдістемелік кеңестің ұйымдастыруымен төмендегі пән апталықтары өткізілді.
- «Тілдер күні мерекесі» апталығы - 19-24 қыркүйек
- «Бастауыш сыныптар» бірлестігінің онкүндігі -11-21 қараша
- «Жаратылыстану- математикалық» пәндер бірлестігінің онкүндігі-20-0 ақпан
4. «Қоғамдық гуманитарлық пәндер»бірлестігінің онкүндігі – 4– 14 наурыз
5. Спорт және өнертану» бірлестігінің онкүндігі - 14-24сәуір
Апталықтарда мұғалімдер шығармашылықпен, жоғары үлгідегі шеберлік сабақтарын көрсетті. Мектептің әдістемелік жоспарына сай оқу жылында ғылыми әдістемелік жұмыстар мақсатқа сай бағытта жүрді. Ұстаздар жыл көлемінде мектептің «Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» тақырыбында еңбек етіп, әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін көтеру, сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету, жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікте ұстау бағытында еңбек етіп, өз жұмыстарынды жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Әдістемелік кеңес отырысында мектептегі білім беру проблемалары жан-жақты талқыланып, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибесі таратылып отырды.
Жаңа технологияларды енгізу, тарату, қолдану
Аяқталған оқу жылында мектеп ұстаздары бірнеше технологиялық бағытта еңбек етті. Пән мамандары оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау, модульдік оқыту, өзара белсенді оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологияларын тиімді қолдануға күш салуда. Дегенмен көптеген ұстаздардың сабақты әлі де ескі әдістермен жргізетіні анықталып отыр. Алдағы оқу жылында жаңа технологгияларды сабақтарда күнделікті пайдалану арқылы жеке тұлғаның белсенділігін арттыру ісін жақсарту талап етіледі.
Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу бағытындағы жұмыстар қаралды. Мектебімізде жалпы дарынды оқушылар 27 оқушы психологиялық зерттеу негізінде есепке алынған. Аталған оқу жылына дарынды оқушылармен жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілген. Мектептің жоспарына сәйкес қараша айының 25-26 күні 7-11 сынып оқушылары мектепішілік олимпиадаға 28 оқушы қазақ тілі,орыс тілі, математика,физика,тарих биология, ағылшын тілі,география, химия, информатика пәндерінен сынаққа түсті. Нәтижесінде 27 оқушының ішінен 10 оқушы І - орындарды иеленіп, аудандық пәндер олимпиадасына жолдама алды. 2023жылдың 3 қаңтар -3 ақпан аралығында аудандық пәндер олимпиадасына мектепішілік олимпиада жеңімпазы деп танылған 11 оқушы қатысты.Аудандық пәндер олимпиадасына қатысқан 11 оқушының ішінен 5 оқушы өздері сынақ тапсырған пәндерден екіншіші, үшінші орындарды иеленсе, Алтай Қарақат физика пәнінен 1 орынды иеленіп облыстық кезеңге жолдама алған болатын, дегенмен ауа –райының қолайсыздығына байланысты қатыса алмады.
Мектебімізде жалпы аудандық олимпиадағы білім сапасының көрсеткіші 60% ды құрады. Сондай – ақ қараша айының 23-24 күні 5-6 сынып оқушылары мектепішілік олимпиадаға 11 оқушы қазақ тілі,орыс тілі, математика,тарих ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерінен сынаққа түсті. Нәтижесінде 11 оқушының ішінен 8 оқушы І - орындарды иеленіп, аудандық пәндер олимпиадасына жолдама алды. 2022 жылдың 25 қарашада аудандық пәндер олимпиадасына мектепішілік олимпиада жеңімпазы деп танылған 8 оқушы қатысты.Аудандық пәндер олимпиадасына қатысқан 11 оқушының ішінен 5 оқушы өздері сынақ тапсырған пәндерден екіншіші, үшінші орындарды иеленді. Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадалары мен байқауларында жеткен жетістіктері төмендегідей:
Оқушылардың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар
мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарының үлесі
Лаубай Інжу - «Лингвист » халықаралық зияткерлік олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломы
Әшірхан Ақниет - «Лингвист » халықаралық зияткерлік олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломы
Құдайберген Жания - «Лингвист » халықаралық зияткерлік олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломы
«Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Кенгуру математика барлығы үшін» ойын конкурсына қатысып, 11 оқушы 1,2,3 орындармен марапатталды.
«Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, 38 оқушы 1,2,3 орындармен марапатталды.
Аудандық аймақтық жарыстар, байқаулар:
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «коникулда кітап оқимыз» байқауында 9 І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ақылтай Кәусар-« Абай-дана, Абай-дара қазақта» шығармашылық байқауына қатысып
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мәлікбай Рысбек- «Жастар-Қазақстаның интеллектуалды болашағы!» атты аудандық шахмат турнирінде І-орынды иеленді.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау, біліктілігін арттыру жұмыстары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы № 83 бұйрығы негізінде Мектепте 8.01.2022 жылы аттестаттау комиссиясын құру туралы № 1 бұйрығы шығарылған. Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша мектеп директорымен бекітілген іс- шаралар жоспары құрылып бекітілген. Педагог қызметкерлердің аттестаттау бойынша 2022-2026 оқу жылдарына арналған даму жоспары құрылған. Бұйрықтар, нормативтік-құқықтық актілер жинақталған. 2022- 2023 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың жеке жинақ папкалары арналған, оның ішінде өтініші, мұғалім туралы жалпы мәлімет, курстан өткендігін растайтын сертификаттарының көшірмелері, жетістіктері жинақталған. Аттестаттау комиссиясының отырыстары құрылған жоспарға сай жүргізілді, аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлердің куәліктерін тіркеу журналы арналған. Мектеп директорының 08.01.2022 жылғы № 25 «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша сарапшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде сарапшы топ бекітілген.
Қазан айының 20 жұлдызында «Аттестаттау мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық база және әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында семинар өткізіліп, педагогтар аттестаттау ережелерімен таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығы негізінде 4 мұғалімнің 3 мұғалімі педагог зерттеуші,1 мұғалім педагог- модератор біліктілік санатына аттестаттауға өтініштері қабылданып, сәуір айында өткізілетін ұлттық біліктілік тестіне қатысты.Педагог-зерттеуші біліктілік санатына өтініш білдірген Абдуалиев Ғалымжан ағылшын тілі пәні мұғалімі, Ортаев Максат география пәні мұғалімі өтініш білдірген ұлттық біліктілік тестінде межелі балды жинап, екінші кезең бойынша портфолиолары қаралып өтініш білдірген санаттарын алды.
Алайда тест қортындысы бойынша өте алмаған педагог аттестаттаудың шілде айындағы тестілеу кезеңіне қалдырды.шілде айында өткізілетін біліктілік тестілеуге 4 педагог өтініш білдірді Аттестаттау ережесі және біліктілікке қойылатын талаптармен таныстыру жұмысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің тарапынан үздіксіз жүргізіліп отыр.
Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарынан өтуі
Білім беру үрдісінің сапасы өз кезегінде мектептің даму тұжырымдамасының сапасына білім бағдарламаларының жүзеге асыру сапасына, мектепішілік біліктілікті арттыру, мектептегі инновациялық үрдіс сапасына, мектептегі үрдісті ұйымдастыру сапасына тікелей байланысты. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби және біліктілік деңгейін арттыруда ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курстарынан ұйымдасқан түрде өтуде. Алайда мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы жоспарға сай жүргізілмейді. Яғни, әр мұғалімде өзінің пәніне сәйкес әдістемелік өзекті мәселесі бойынша теориялық және саяси идеологиялық әдістемелік жұмыстарының жоспарлануы жүйесіз, Әдістемелік кеңес отырысында жоспарға сай мұғалімдердің өзіндік білім көтеру мәселесі бақылауда тұрады. Биылғы оқу жылында Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева Айгүл, Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Нурлыбаева Зағипа, математика пәнінен Шамшиева Перизат, информатика пәнінің мұғалімі: Бихан Ерман, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Усенбаева Дана осы аталған пән мұғалімдері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында білімдерін жетілдірді.
Оқушылардың «Алғырлар» ғылыми қоғамы
Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп директорының «Дарынды оқушылармен жұмыс және оқушылардың ғылыми орталығын құру» туралы №31 бұйрығы негізінде оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. Мектепішілік Алғырлар орталығы мүшелілігіне 5-11 сынып оқушылары қабылданған. Оқушылардың ғылыми қоғамы ғылыми зерттеу дағдыларын игертуге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі болып саналады. ОҒҚ атауы «Алғырлар» деп аталып, топтың эмблемасы, девизі жасалынды. Сонымен қатар жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілген.
2022 жылдың 19-25 қыркүйек айы арлығында ҚР «Тіл мерекесіне» байланысты қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен пән апталығы өткізілді. Әр пән мұғалімі жоспар бойынша сыныптан тыс ашық сабақтар, түрлі тақырыптардағы жарыстар мен сайыс сабақтар және әдеби кеш ұйымдастырды.Қазан айында «Білгірлер мен тапқырлар сайысы» ителлектуалдық ойыны 9-11 сыныптар арасында мектеп тәлімгері Б. Райымкулова өткізді.
«Абай- дана Абай- дара қазақта» шығармашылық байқауы өткізілді.
Қараша айында спорттық ойындар (футбол, баскетбол) 9-11 сынып арасында дене тәрбиесі мұғалімдері Қ. Қуанышбеков, М. Абдуалиев өткізді.
Ақпан айында аудандық пәндер олимпиадасына мектепішілік олимпиада жеңімпазы деп танылған 11 оқушының барлығы қатысты.
Ақпан айында «Патриоттық әндер» байқауы бастауыш сыныптар арасында өткізілді. «Дарынды шәкірт – мектеп мақтанышы» дарынды балаларды қолдау апталығы өткізілді
Жыл басында 7 зерттеу тақырыптары тіркелген. Жыл бойы осы зерттеу тақырыптарымен ғылыми жетекшілер оқушылармен жұмыс жасау қажет еді, дегенмен мектепішілік «Мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушылардың барлығының зерттеу күнделіктері жоқ, оқушыларға жетекшілер тарапынан дұрыс бағыт бағдар берілмеген, бұған себеп мектеп әкімшілігі тарапынан жобаға қойылатын талаптармен таныстыру мақсатында өткізілген оқыту семинарына жетекшілердің толық қатыспауынан деп білемін.
Алдағы уақытта «Алғырлар» оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын жандандыруға ұмтыламыз.
2022 - 2023 оқу жылына алға қоятын міндеттер:
- Әр бағыт бойынша ғылыми зерттеумен айналысатын оқушылар тобын жасақтай отырып, «Алғырлар» оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын жандандыру.
- Әдістемелік бірлестіктерге жан-жақты көмек, нұсқау беру арқылы оның оқу-тәрбие үрдісіндегі белсенділік рөлін арттыру
- Оқушылар арасында пәндік олимпиада резервін дайындау жұмысындажүйелілік пен бірізділіктің болуына баса назар аудару.
- Педагогтардың Республикалық, облыстық, аудандық конкурс, байқауларға қатысып, нәтижеге жетуіне ықпал ету.