"Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен ата-аналарды таныстыру
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде ата-аналармен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын түсіндіру бойынша өткізілген жиналыс хаттамасы
2024 жыл «4» қыркүйек Шыңбұлақ ауылы
Төрайымы – М.Бексейтова
Хатшы – А. Исакулова
Қатысқандар- 40 ата-ана
Сынып жетекшілер- 14
Күн тәртібінде
1.2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» жаңартылған бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне құндылықтар арқылы енгізу туралы.
2. 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктері туралы.
3.Әртүрлі мәселе.
Тыңдалды
Мектеп басшысы М.Бексейтова ата-аналарды бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиев педагогикалық ұжымға тәрбие үштағанының идеологемалары, білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу туралы айтып өтті. Биылғы біртұтас тәрбие бағдарламасы «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген. Сонымен қатар құныдылықтардың білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қолдану қажеттігін, әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде білім алушылардың жеке бас қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылатындығына тоқталды. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі әр буынға құндылықтарға сай индикаторлар берілген. Сол индикаторларды сынып сағаттарында, пән сабақтарында қолданылу ұсынылады. Сондай-ақ ата-аналарға «Өнегелі 15 минут», «Күннің дәйексөзі» тақырыптарында ата-аналарға әңгіме жүргізу керектігін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша ДОІЖО Г.Сейсенова 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Ата-аналарды оқушыларға тәрбие мен білім беруде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Шешім етті
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасы оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынсын.
2. Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс жұмыстары үнемі назарға алынсын.
Мектеп директоры М.Бексейтова
Хатшы А.Исакулова


