Ата-аналар жиналысы » Средняя школа им. Рыскулова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Рысқұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-24-72
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-24-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2019

Ата-аналар жиналысы

2019-2020 оқу жылындағы №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен  өткізілген жиналыстың

ХАТТАМАСЫ 

Шыңбұлақ ауылы                                                                             «22» қараша 2019 жыл  

Қатысқандар:


  1. Ғ. Абдуалиев- тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
  2. К. Даулетова – оқу ісі жөніндегі орынбасар
  3. Ж. Итебаев – психолог
  4. Сынып жетекшілер – 15
  5. Ата-аналар-  60  

Төрағалық еткен: Абдуалиев Ғалымжан Құралбайұлы


Күн тәртібіндегі мәселе:

1. Мектеп оқушыларын зорлық –зомбылықтың алдын алу жұмыстарымен таныстыру.

2. Әртүрлі мәселе.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ғ. Абдуалиев сөз алып оқушыларды бүгінгі тақырыппен таныстырып өтті.  Өз сөзінде Ғ. Абдуалиев қазіргі таңда орын алып отырған келеңсіз жайттарға тоқталды. «Мектеп оқушылары беймезгіл уақытта көшеде және басқа да жерлерде жалғыз жүрмеулері тиіс. Әрқашан ата-анасымен бірге болғаны дұрыс. Бөтен, бөгде немесе басқа да бейтаныс адамдар шақырса қасына бармаған жөн. Ондай жағдайлар орын алатын болса бірден ата-анасына немесе сынып жетекшісіне хабар беруі керек »- деді өз сөзінде.

      Екінші мәселе бойынша мектеп психологы Ж. Итебаев «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында ата-аналарға арнап баяндама оқыды. Баяндамадан соң ата-аналар түсінбеген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды. Соңынан Ж. Итебаев арнайы жадынамалар таратты.

   К.Даулетова

 «Мектеп оқушылары ата-аналарын, ұстаздарды тыңдап, айтқандарын орындаса мұндай жағдайлардың алдын алуға болады. Жалпы зорлық –зомбылықпен қоғам болып күресуіміз керек»-деді. 

   Отырыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдуалиев өз сөзінде жасөспірімдерден, ата-аналардан осы тақырыпта сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алу керектігін айтып өтті. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Абдуалиев қорытындылап оқушылар беймезгіл уақытта үйден шығармау керектігін, бейтаныс, бөгде адамдарға жақындамауын талап етті.

Шешім етті

  1. Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналарды, мектеп оқушыларын  таныстыру жұмыстары жандандырылсын;
  2. Сынып жетекшілер мен ата-аналар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды назарда ұстасын.

                         Отырыс төрағасы                                         Ғ. Абдуалиев                        

 Хатшы                                                    Б. Райымқұлова  



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив