№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі 2019жылдың 19қаңтар күні өткізілген Бейсенова Ақмарал Ажимуханкызының «Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу үдерісінде пайдалану» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексия
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
2019жылдың 19қаңтар күні өткізілген
Бейсенова Ақмарал Ажимуханкызының
«Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу үдерісінде пайдалану» тақырыбында өткізген коучинг бойынша рефлексия есебі
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуңне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Білім беру саласындағы оң өзгерістерді,жаңалықтарды шынайы ықыласпен қабылдап қана қоймай, оны басқалардың да игеруіне қолдау көрсету керек. Мектептегі әріптестерімізге 1-ші деңгейлік курсты аяқтап, жинақтаған білімімімді ойға қонымды етіп түсіндіру, жеткізу, жеткізілген ақпараттың мұғалімдер әрекетінен көрініс табуы және сол арқылы өзіміздің қаншалықты өзгергендігімізді көрсету – коучинг өткізудегі ең басты мақсатым болды. Осы арқылы, еліміздің Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізуді ойладым. Өзімнің де қандай өзгеріспен оралғанымды әріптестеріме көрсетуді көздедім. Олардың да мен сияқты «өзгерулеріне» түрткі болғым келіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйретіп, әріптестеріммен тәжірибе алмасқым келді.Коучингімнің тақырыбын «Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу үдерісінде пайдалану» тақырыпта алдым. Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсынуды жөн көрдім.. Тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. Осы тақырып жайлы әріптестеріме толық мағлұмат беріп, бірлесе отырып бөлісіп, талқылау жасау еді. Коучинг жүргізу барысындағы коучтың негізгі міндетіне Lesson Study үдерісінің маңыздылығын түсіндіру. Оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту мен жетілдіруге арналған құрал ретінде әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін үйрету,Lesson Studyкезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсіндіру. Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен таныстыру. «Lesson study» әдісін өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік беру. Жаңа әдіс-тәсілдерді қалай тиімді пайдалану керек? Уақытты қайтсем тиімді пайдаланамын? Жоспарды осы сұрақтарға жауап беру негізінде құрдым Менің мақсатым-әріптестеріме тақырыпты тек жалпы меңгерту емес, ондағы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қалай қолдана алуларына бағыт беру. болды. Сәлемдесуді психологиялық ахуал орнатудан бастадым.»Арманыңыз орындалсын» Әр қатысушы арманын айтады, барлығы арманыңыз орындалсын деп дауыстайды (1-2 суреттер)
Гүлдер таратылып, сол гүлдер бойынша топтарға бөлінді. «Lesson Studyдің тиімділігі» деген бейнежазбаны тамашалады. Осы бейнежазба арқылы коучингтің тақырыбымен,
мақсаты анықталды.
Ой шақыру: 1 топ: жоспарлау кезеңі
2 топ : сабақты бақылау
3 топ: сабақтан кейінгі талқылау
Осы сұрақтар бойынша топтар постер қорғады.
Топтық жұмыста: 1.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма? Неге?
2 . Біз қандай тәсілмен таныстық?
3. Сіз өзіңіз «LessonStudy» тәсілін жүргізерме едіңіз? Неге?
4. Бірлесіп зерттеу жұмысын жүргізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?
Сергіту сәтінде бейнероликтегі іс-қимылдарды жасады.
Суретке қарап не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?
Әлемдегі өзгеріс пен іс-әрекеттегі өзгерістерде қандай айырмашылық бар?
Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланасыз ба?
Топтар ақылдаса отырып, Әр топтан бір ғана топ мүшесі жауап берді
“Жәрменке” әдісі арқылы Салмақты ойлар жәрменкесін ұйымдастырдым. :Мұғалімдер салмақты ойлармен танысты.. Өздеріне ой салған ойларды таңдап себет конверттке жинақтады. Керексіз немесе келіспеген пікірлерді алмайды. шарлап жүріп, бір-бірінен неге осы ойларды алғаны туралы сұрады.«Пікір ағашы « арқылы сабақтан алған әсерін білдім.
Пікірлер: 1-пікір: Әсіресе ұжыммен бірлесе топта жұмыс істеу қызығушылық туғызды.
2-пікір: Өткен тақырып мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес келетінін мойындаймын. 3-пікір: Осы коучингіден соң өзіме сенімім артты. т.б. пікірлер болды. Бұл жұмыстағы жағымды жақтар: 1. Коучинг мұғалімдерде жоғары қызығушылық туғызды. 2. Мұғалімдерде жақсы көзқарас, жағымды көңіл-күй орнады. Бұл жұмыстағы жайсыз жақтар: 1.Кейбір мұғалімдер үшін өту уақыты қолайсыз болды. 2. Коучинг барысында маған әлі де кейбір мәселелер туралы тереңірек білу, оқу керектігін түсіндім. 3. Тақырыпқа сәйкес берілетін тапсырманы әлі де жан-жақты ойластырып, шақтап алу керектігін түсіндім.
2019 жыл 19 қаңтар
Бейсенова А. А............................