№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі 2018-2019 оқу жылында «Жаңашыл» шығармашылық тобының есебі.
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
2018-2019 оқу жылында «Жаңашыл» шығармашылық тобының есебі.
«Жаңашыл» шығармашылық тобының құрамында-8 мұғалім болды.Олардың біреуі жоғарғы санатты.5-бірінші, 2-і екінші санаттағы мұғалім.
Шығармашылық топ жоспар бойынша жұмыс жасады.Жаңашыл шығармашылық тобының бірлескен жұмысы ұйымдастырылды.Қыркүйек айында Критериалды бағалаудың ерекшеліктері туралы мектеп мұ,алімдеріменқ оқу семинары өткізілді.
Онда мұғалімдерге:Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; оқушылардың білім сапасын арттырады;оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, Оқушы жұмысы критерилер бойынша ұпаймен бағаланып деңгейі салыстырылады. Мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Нәтижесінде оқушы тапсырманы орындауына қарай тиісті ұпайын алады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі.
Қазан айында «Талантты және дарынды балаларды оқыту» коучинг өткізілді.
Қараша айында «Топтық жұмыс аркылы сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында өткізген коучинг өткіздім
Мақсатым – топтағы бірлескен жұмыстың бүгінгі оқушыға қажетті дағдыны бере алатын ықпалды орта екендігіне әріптестерімнің көзін жеткізіп, алдағы уақытта осы әдісті тиімді қолданудың үлгісін ұсынғым келді. Бұл коучингке 14 мұғалім қатысты. Коучингті бастар алдында «Әнмен сыйлық сыйлау»» психологиялық тренинг өткіздім . Мұғалімдер шеңбер болып тұрды , қолдарына жұмсақ ойыншық берілді. Сол ойыншықты бір – біріне беру арқылы «Ұстазым»әнін айтты. Ән біткен соң тілек жазылған открыткаларды бір-біріне сыйлық ретінде ұсынды. Келесі сәтте топқа бөлу жұмысы жүрді. А.Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» «Көзімнің қарасы» өлеңдерін құрастыру арқылы 3 топқа бөлінді. (1-3 суреттер)
Мұғалімдерге «Ауысып отыратын топтар» атты бейнежазбаны көрсеттім. Бейнежазба бойынша мынадай сұрақ қойылды: Сіздер бұл тапсырмадан түйген ойларыңызды өз сабақтарыңызда қалай қолданар едіңіз?
1-ші топ , 2-ші топ тақырып бойынша әңгіме құрды.
3-ші топ екі топтың әңгімесін тыңдап бағалады. Топтағы әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтты. Топтық жұмыс кезінде «Құмырсқалар» бейнефильмін көрсеттім. (4-7 суреттер)
Ой тастау мақсатында мынандай сауалдар қойдым:
1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?
2.Қалай ойлайсыздар топтық жұмыс тәсілін қаншалықты жиі және қалай қолданасыз?
3.Сіз мысал келтіре аласыз ба?
Мұғалімдер бейнежазбаны тамашалап, жаппай ортада жарыс сөзге салып талдады. Бірін-бірі тыңдамай шулап кетті. Одан барып тынышталып, ортаға салды. 1-топтан Ортаев М. –Біздің ойымызша топтың алдына берген тапсырманы көшбасшының нұсқауымен бірлесе орындауы. Бұл жерде «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» мақалының айналасында түсіндіруге болады.
2-топ Итебаев А-Бұл бейнежазбадан топтық бірлескен жұмыстың нәтижесін көрдік.
3-топ Алжанова Р - Тәжірибесі аз жас мұғалімдер отырған екен, біз екі топтың айтқанына қосыламыз деді.
- Біз тақырыпты талқылау кезінде шулап, жауапты орнымызда жарыса айттық. Осындай жағдай болдырмау үшін не қажет деп ойлайсыздар? Бірден топ ережесін айтты.
Әр топқа ереже құру тапсырылып, 3 минут уақыт белгіледім.
Талқылау кезінде мұғалімдер өз идеяларын зерделей отырып өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал ете отырып , белсенді түрде қатыса білді. Алдарына топтық жұмыстың тиімділігін көрсететін мәтіндерді таратып бердім.
1-топ : «Топты ұйымдастыру»
2-топ : «Топта жұмыс істеу ережесі»
3-топ : «Мұғалімнің рөлі» постер қорғау
Менің ендігі мақсатым осы дағдыларды қалай қалыптастыруға болатынын әріптестерімнің өздеріне жұмыс жасата отырып, ойландыру болды. Сонымен қоса, олардың өз алдарында тұрған проблемаларды шешуге икемділіктерін байқау және дамытуды да ойластырдым. Себебі: олардың проблемасын мен емес, өздері шеше алулары қажет. Ол үшін топтағы бірлескен жұмыс әдісін таңдадым. Өйткені топтық жұмыстағы оқу табиғи әлеуметтік әрекет пен әңгімелесу үстінде іске асатынын, түрлі көзқарас, алуан пікір-идеялардың тоғысуынан қандай да бір шешім қалыптасатынын көрсеткім келді. Осы тапсырманы орындау барысынан-ақ әріптестерімнің қайсысының ойлау дағдысы өз іс-әрекетін реттеуге икемді екенін байқадым. Бір-бір топ мүшесі шығып, өз жұмыстарын қорғады. Үш топ бір-бірінің жұмыстарын бағалап, өздеріне қосып-алатын жақтарын ұсынды. Үш топ та қорғаған соң: «Бүгінгі әрекеттеріңізге көз жүгіртіп, не істегендеріңізді өздеріңіз талдап көріңіздерші», - дедім. Мұғалімдер өздеріне сырттан қарап, әрекеттерін жинақтап шықты. Менің мақсатым осылайша, олардың өзін-өзі реттеу дағдыларына метатанымдық тұрғыдан қарауларына мүмкіндік беру болатын.
Осы жерде әріптестеріме рахмет айттым.
Сергіту сәті кезінде мен «От , Су, Күн , Ай »
От: Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып , өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су:Жандары жақсылықты сүйетін , көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн : Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.
Ай:Ойшыл, арманшыл , қиындықтарға мойымайтын ержүрек , батыл жандар.Мұғалімдер осы таңдаған атауларға түсінік ала отырып бойларын сергітеді.
Топта бірлесе отырып, ойланып , жауап берді.
Көңілдері көтеріліп қалды.(11-19 суреттер)
11-сурет 12-сурет 13-сурет
- Өздеріңізді бір сәт оқушы орнына қойып көрдіңіздер сергіту сәтіне көзқарастарыңыз?
- Мұғалімдер сергіту сәтінің қажет екенін мойындап, оқуға ынталандырады, біз бастауыш сыныпқа қана қажет сияқты ойлайтынбыз,енді сабағымызда қолданамыз.
Ол кісілердің белсенділігі мені жігерлендіріп, бастапқы қобалжудан арылдым.
Кері байланыс:
Коучинг сабақтарынан әріптестеріме келесі мағлұматтарды бере алдым:
- Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды;
- Топқа бөлудің әр түрлі тәсілдерін;
- Постер жасау және қорғауды;
- Бағдарламаның және 7 модульдің идеяларын;
- Дарынды және талантты оқушыларды анықтауға бағыт;
- Өзін, жұптық, топтық және критериалды бағалау әдіс-тәсілдерін;
Менің жүргізген бұл сабағымнан әріптестерім топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдарымен танысты. Әсіресе жас мамандар тапсырмаларды талдай отырып, тәжірибелі мұғалімдермен пікірлесіп, өздері де іс-әрекетке белсене қатысып топтық жұмыстағы жеке, жұптық, топтық және шағын, орта, үлкен топтарда ұйымдастырылатын жұмыс ерекшеліктерін білді.Қаңтар айында: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деген тақырыпта коучинг өткіздім.Елбасының«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты еліміздегі ең маңызды оқиғаға айналды. Еліміз дамыған елдердің қатарына кіруге тиіс. Елбасымыз өзінің Жолдауында осындай мақсат қойып отыр. Шын мәнінде, бұл құжат Қазақстан тарихының Жаңа дәуірін ашты. Оның өмірге келуі де кездейсоқ емес. Тек қалыптасқан мемлекет қана ұзақ мерзімді дамумен, экономикалық өсіммен, жоспарлау саясатымен айналысады.Елбасымыздың «Қазақстан -2050» Стратегиясы Жолдауында 4 пунктінде « Білім және кәсіби машық- заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың» негізгі бағдарына ерекше көңіл бөлген. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін елімізге қызмет ететіндей заман талабына сай білім қажет . Өйткені тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елдердің қатарында терезесін тең ететін- білім.Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр . Оқытудың әртүрлі технологиялары мен жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп , сабақ үдерісіне көптеп енгізілуде . Жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің жан- жақтылығы , білімі қажет. Оқу- тәрбие үдерісіне жаңа технологияны енгізу –жеке тұлғаның шығармашылығына жол ашады . Оқушылармен жаңаша әдіс - тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жасау үшін , мұғалімнің көп ізденіп, үнемі еңбектенуін , сабақ берудің амал - тәсілдерін жетілдіруді қажет етеді.Бұрынғы күндердегі іс - тәжірибемізге көз жіберсек , кешегі бүгінге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды . Себебі, ғылым, өмір талабы , оқушы талғамы үнемі өсуде. Соған орай әр мұғалім шәкірт жүрегіне жол табарлық , пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістерін іздейді өз білімін де жетілдіреді. Мұғалімдерге қазіргі таңда қойылып жатқан талап өте жоғары. Заман талабына сай мұғалімдер білімін жетілдіру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бір болып қала бермек. Қазіргі педагогикалық қызмет оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағыт беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайды еркін бағдарлайтын, шығармашылық үдерістерді басқаратын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген, жан-жақты дамыған шығармашыл ұстазды талап етеді. Қазіргі жаңашыл ұстаздар қауымы білім саласының дамуына, оқушылардың сапалы білім алуына зор үлесін қосып келеді.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Педагогтік-психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін, бейімділік сараптамалық қабілеттері мен идеялық ұстанымы бар, білімді де білікті мамандар ғана қазіргі білім беру саласының дамуына өз үлестерін қоса бермек. Абайдың: “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”, – деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру. Біз осыны мінсіз атқаруға тиіспіз.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында баланың дамуы, оқуы, ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. [Александер, 2001].
«Бағалау» термині» «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бағалаудың негізгі мақсаттары:
- Оқудағы қиындықтарды анықтау;
- Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс;
- Уәж;
- Болжау және сұрыптау;
- Стандарттарды бақылау және орындау;
- Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.
1.Бағалау туралы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру,толықтыру;
2.Бағалау және оның түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту;
3.Оқушы білімін саралап,білім сапасын көтеру үшін көмектесетін жағдаяттарды қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің оқыту үшін және оқу үшін бағалау түрлерін ажырата біледі,бағалау түрлерін оқушы білімі мен білім сапасын көтеру үшін пайдалана алды.
Бағалау критерийі: Рефлексия
Ресурстар: презентация, маркерлер постерге арналған қағаз, рефлексияға арналған музыка ,қажетті материалдар, А4 форматты қағаз,бағалау бетшелері.
Жұмыс жасаудың тәсілдері мен түрлері: Проблеманы шешуге және нәтижеге бағытталған жұмыс қорытындысына қол жеткізуге негізделген коллаборативті оқыту. (Бар нәрсені ұмытып, көзімізді жұмып, күнделікті ұстаздың бір күнін көз алдымызға елестетіп көрсек.Сіз жақсы көңіл –күймен ұйқыдан оянып, таңғы асыңызды ішіп, жұмысқа шықтыңыз.Сіз жолда таныс адамдарды кездестірдіңіз, кенеттен күн күркіреп,жаңбыр жауды да кетті.Мектепке қарай жүгіре жөнелдіңіз, жол алыстап кеткендей,артынша жаңбыр толастап,жарқырап күн де шықты,содан соң... Табиғат қандай күйге енеді,әріптестер? Әрине, әріптестер, кемпірқосақ!..)
Тренинг: Жиналған қатысушыларды кемпірқосақтың 7 түсі бойынша топталды.
Әр топ өздеріне берілген түске:
а)Үш сөз арқылы сипаттама берді;
ә)Сіз өзіңіз хайуанаттар паркінде жүрсіз,қандай аңмен фотосуретке түсер едіңіз?
б)Өзіңнің сүйікті қалаңды үш сөз арқылы сипаттап беру.
Шешімі:
а)Сен туралы жұрт қандай пікірде?
ә)Қоршаған ортада өзіңді қалай сезінер едің?
б)Жұмыста өзіңді қай қырыңнан көргің келеді?
Осыдан соң әр топқа тапсырмалар беріледі:
Тапсырма № 1.Миға шабуыл .
-Ойланыңыз, жауабын беріңіз!(7топқа жеті түрлі тапсырма берілді)
а)Бағалау деген не?
ә)Бағалау не үшін қажет?
б)Сіз, мынадай жағдайлармен бетпе-бет келіп көрдіңіз бе,бұларды жоюдың қандай жолдары бар?
- бірінші қол көтергеннен-ақ жолы болмау,
- қиындыққа қарсы тұра алмау,
- өздеріне қиын деген тапсырманы орындаудан бас тарту,
- танымдық қабілеттерінің төмендеуі,
- өздерінің құрбы- құрдастарымен , үлкендермен қарым-қатынас жасаудан қиындық көру,қорқыныш-үрейде болу.
J в) Дұрыс әрі нақты бағаламау неге әкеліп соқтыруы мүмкін?
г)Оқушы білімін қалыпты бағалау жүйесінің сызбасын жасаңыз.
ғ)Дәстүрлі бағалау мен жаңаша оқыту бағдарламасы бойынша бағалау жүйесінің айырмашылығы неде? д) Сабақ үдерісінде бағалау қалай іске асырылады? Бағалау процесінің маңыздылығы неде? (Әр топ өзара топ ішінде талқылап, нақты жауаптарын береді)
Тапсырма №2.Мәтінмен жұмыс болды
«Бағалаудың мәні мен маңызы» тақырыбын «Зигзаг» әдісі бойынша топ ішінде өзара талқылап, қорытынды пікірді ортаға шығарып қорғау.
Тапсырма №3 А4 форматты қағазға кілемнің суретін салындыӨз суретін бағалау, өз суретін топ ішінде бағалату, қойған бағаны дәлелдеу(неге қойды,неліктен, не себептен қойды,неге сүйеніп қойды?) (5-7 минут)(Бұл жерде мынадай қорытынды шығуы тиіс: өткізіліп отырған шеберлік сыныбының басты мақсаты нақты критерийсіз жұмысты бағалаудың мүмкін еместігі)Салынған суретті нақты бағалау үшін критерийлер құрғызу, сол бойынша бағалау жүргіздіру.Өзін-өзі бағалау үшін критерий ұсынылды. Бағалаудың қай түрі сізге қиындық келтіреді соған жауап берілді.
Тапсырма №4.Бағалау туралы мәліметті толық меңгерген соң , оның оқушы білімін саралап, білім сапасын көтеру үшін қаншалықты маңызды екендігін білу үшін кестені «INSERT» әдісі арқылы толтырттырды
+ | - | ? | ! |
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланды
Қорытынды : Шеберлік сыныбына белсенді қатынасып, көшбасшылық танытқан топ мүшелеріне марапаттау. Орташа мұғалім- айтып береді,
Жақсы мұғалім -түсіндіреді,
Үздік мұғалім- көрсетеді,
Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады,- деп А.Уорт айтқандай
Мeн aлдaғы уaқыттa куpстaн aлғaн бiлiмiмдi әpiптeстepiмe үйpeтe отыpып, өзiм дe iс- тәжipибeмдe қолдaнaмын. Мeн үшiн, мeнiң әpiптeстepiм үшiн бұл бaғдapлaмaның болaшaғы бapы aнық.
Қаңтар, ақпан айларында«Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу үдерісінде пайдалану» бойынша зерттеу жұмысы жүргізіліп, және зерртеу сабақтары жүргізілді.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуңне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Білім беру саласындағы оң өзгерістерді,жаңалықтарды шынайы ықыласпен қабылдап қана қоймай, оны басқалардың да игеруіне қолдау көрсету керек. Мектептегі әріптестерімізге 1-ші деңгейлік курсты аяқтап, жинақтаған білімімімді ойға қонымды етіп түсіндіру, жеткізу, жеткізілген ақпараттың мұғалімдер әрекетінен көрініс табуы және сол арқылы өзіміздің қаншалықты өзгергендігімізді көрсету – коучинг өткізудегі ең басты мақсатым болды. Осы арқылы, еліміздің Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізуді ойладым. Өзімнің де қандай өзгеріспен оралғанымды әріптестеріме көрсетуді көздедім. Олардың да мен сияқты «өзгерулеріне» түрткі болғым келіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйретіп, әріптестеріммен тәжірибе алмасқым келді.Коучингімнің тақырыбын «Lesson Study тәсілін оқыту мен оқу үдерісінде пайдалану» тақырыпта алдым. Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсынуды жөн көрдім.. Тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. Осы тақырып жайлы әріптестеріме толық мағлұмат беріп, бірлесе отырып бөлісіп, талқылау жасау еді. Коучинг жүргізу барысындағы коучтың негізгі міндетіне Lesson Study үдерісінің маңыздылығын түсіндіру. Оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту мен жетілдіруге арналған құрал ретінде әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін үйрету,Lesson Studyкезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсіндіру. Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен таныстыру. «Lesson study» әдісін өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік беру. Жаңа әдіс-тәсілдерді қалай тиімді пайдалану керек? Уақытты қайтсем тиімді пайдаланамын? Жоспарды осы сұрақтарға жауап беру негізінде құрдым Менің мақсатым-әріптестеріме тақырыпты тек жалпы меңгерту емес, ондағы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қалай қолдана алуларына бағыт беру. болды. Сәлемдесуді психологиялық ахуал орнатудан бастадым.»Арманыңыз орындалсын» Әр қатысушы арманын айтады, барлығы арманыңыз орындалсын деп дауыстайды (1-2 суреттер)
Гүлдер таратылып, сол гүлдер бойынша топтарға бөлінді. «Lesson Studyдің тиімділігі» деген бейнежазбаны тамашалады. Осы бейнежазба арқылы коучингтің тақырыбымен,
мақсаты анықталды.
Ой шақыру: 1 топ: жоспарлау кезеңі
2 топ : сабақты бақылау, 3 топ: сабақтан кейінгі талқылау
Осы сұрақтар бойынша топтар постер қорғады.
Топтық жұмыста: 1.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма? Неге?
2 . Біз қандай тәсілмен таныстық?
3. Сіз өзіңіз «LessonStudy» тәсілін жүргізерме едіңіз? Неге?
4. Бірлесіп зерттеу жұмысын жүргізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?
Сергіту сәтінде бейнероликтегі іс-қимылдарды жасады.
Суретке қарап не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?
Әлемдегі өзгеріс пен іс-әрекеттегі өзгерістерде қандай айырмашылық бар?
Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланасыз ба?
Топтар ақылдаса отырып, Әр топтан бір ғана топ мүшесі жауап берді.
Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргіледі? Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық,
әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал
шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
• оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
Биылғы оқу жылында Lesson Study өткізу 8 «ә» сыныбында жоспарланды.
Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелерімен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізді.Оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан,үш «бақылаудағы оқушы» анықталды Тәжірибелі мұғалімдерден комиссия құрамы бекітіліп, Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланды және оның нәтижелерін мұқият зерттеді.Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралды, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, қадағалады және талдады Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізілді. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болды.
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөлінді (кем дегенде бір сағат).Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетіні туралы қысқа да нұсқа жазып алынды.
Жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңі жоспарланды. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіндігі жазылып отырылды: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді. Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазылғаны барынша дәл анықтап алынды,әрбір кезең үшін уақыт шеңбері белгілеңді.Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алынды. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтыны қадағаланды. Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткені белгіленді.Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан кейін қандай сұрақ қойылар еді? Оларды парақтың соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазылып қойылды. Оқушылардан жауап алу бірден, Lesson Study аяқталған соң өткізілді. Мұғалімдер олардың кейбір жауаптарын түртіп алып отырды..
Lesson Study тобы сабақтан кейін бірден жиналды (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Топ мүшелері Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстырылды:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын»(талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;
6. Талқылау барысында Lesson Study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» тағайындау
Ең бастысы, талдауды оқытудан емес, бақылаудағы оқушылар (мен басқа оқушылардың) оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек. Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін Соңында топ мүшелерінің қолы қойылып, күні жазылды.
Lesson Study негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылды.
- ҚОРЫТЫНДЫ: Мұғалімдер жаңашылдыққа ұмтылады және әдістемелерін жетілдіруге талпыныс жасайды. Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады. Сындарлы оқытудың мақсаты мен міндетін үйрене отырып сабақтарына жеті модулді қамтиды. Оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеу, өз мүкіндіктерін түсінеді; Оқушының қызығушылығы мен өзіндік қажеттілігі анықталады Оқу сапасын арттыруға, білім деңгейінің жоғарылауын дамытуға жұмыс жасайды Мектеп мұғалімдері өзгерістерге ашық, әрқашан әдістерін жетілдіруге талпыныс жасайды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Оқу сапасы жоғарылайды. Сыныпта ынтымақтастық қарым -қатынас қалыптасады Оқушы өзін-өзі реттеу арқылы сабақ үлгерімін жақсартады. Оқушылар бірін-бірі бағалауды үйренеді.Оқу белсенділігі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасы артады Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұны өзгереді Оқушылар өздерін-өздері бағалай алады және өздерінің оқуын қалай жақсартуын біледі Оқушылардың сабаққа көзқарасы өзгереді. Топтық жұмыста мұғалім мен оқушы белсенділігі жоғарылайды.
Ұсыныс: Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне жағдай жасау, жеке көзқарасы бар, оны қорғай білетін,психологиялық- педагогикалық білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар оларды шебер қолдана білетін, оқушыларды өздігінен оқып үйренуге бағыттай алатын, болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуге дағдыландыру.
«Жаңашыл» тобының жетекшісі: А. Бейсенова