13
ноябрь
2019
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығынын мерекелеу аясында 13-қараша күні 9-сынып оқушыларымен Дүниежүзілік сабақ өтілді. Іс-шараға Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Полатова Бақыткүл Батырханқызы қатысты. Сонымен қатар 13.11.2019 жылы 9-11 сынып арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты кездесу өтілді. Аталған кездесуге облыстық балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің директоры О.Кунтубаев қатысты. Кездесудің басты мақсаты балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, оларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, оқушылардың бойында құқық бұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылық жасаған кезде оның заң талаптарына сәйкес зардаптарымен таныстыру. Школьникам өзге оқушылардың ар-намысына тиіп, әлімжеттік көрсеткен жағдайда, себепсіз сабақтан қалып, бұзақылық іс-әрекеттерге барған жағдайда қандай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайында баяндалды. Тәртіп бұзған оқушылардың арнайы оқу орнына жіберу және сол жердегі тәрбиелеудің негізімен таныстырып өтті. Қаңғыбастыққа салынған және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың, құқық бұзушылықтың Жамбыл облысы бойынша сандық көрсеткіштері мен зардаптарына тоқталып кетті.






