"Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен оқушыларды таныстыру » Средняя школа им. Рыскулова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Рысқұлов атындағы орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726) 35 5-24-72
Бухгалтерия
+7(726) 35 5-24-72
Версия для
слабовидящих
» » "Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен оқушыларды таныстыру
05
сентябрь
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен оқушыларды таныстыру

№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде ата-аналармен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын түсіндіру бойынша өткізілген жиналыс хаттамасы

 2024 жыл «5» қыркүйек                                                      Шыңбұлақ ауылы

Төрайымы – М.Бексейтова 

Хатшы – А. Исакулова 

Қатысқандар- 5-11 сынып оқушылары

Сынып жетекшілер- 14

Күн тәртібінде

1.2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» жаңартылған бағдарламасын   оқу-тәрбие үдерісіне  құндылықтар арқылы енгізу туралы.

2. 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктері туралы.

3.Әртүрлі мәселе.

Тыңдалды

         Мектеп басшысы М.Бексейтова оқушыларды бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. 

  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиев педагогикалық ұжымға тәрбие үштағанының идеологемалары, білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу туралы айтып өтті. Биылғы біртұтас тәрбие бағдарламасы «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылықтарына негізделген. Сонымен қатар құныдылықтардың білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қолдану қажеттігін, әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде білім алушылардың жеке бас қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылатындығына тоқталды.  Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі әр буынға құндылықтарға сай индикаторлар берілген. Сол индикаторларды сынып сағаттарында, пән сабақтарында қолданылу ұсынылады. Сондай-ақ оқушыларға «Өнегелі 15 минут», «Күннің дәйексөзі», «Күй күмбірі», әлеуметтік жобалар туралы құндылықтарды енгізу туралы айтып өтті. 

         Екінші мәселе бойынша ДОІЖО Г.Сейсенова 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Ата-аналарды оқушыларға тәрбие мен білім беруде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Шешім етті

1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған слабовидящих оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынсын.

2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіру  жұмыстары үнемі назарға алынсын.

                      Мектеп директоры                            М.Бексейтова

                                       Хатшы                           А.Исакулова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив