"Мен сыйға тартқан - домбыра"
Мектебімізде ата дәстүрді, ұлттық өнерді насихаттап, оқушыларды халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны шертуге үйрету мақсатында «Домбыра» үйірмесі енгізілді. Осыған орай демеушілер мен мектеп түлектерін тарта отырып, «Мен сыйға тартқан - домбыра» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға мектеп түлектері А.Ракишева мен Ж. Итебаев белсене қатысып, 3-сынып оқушысы Халық Бақдәулет пен 2-сынып оқушысы Ералы Аянға домбыра сыйға тартты.